26.06.2007, 16:59 3081

Айғақзат түрінде пайдаланылатын есірткіні жою жөніндегі заң жобасы үкіметке жаздың аяғында енгізіледі - ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес комитеті

АСТАНА. 26 -маусым. Kazakhstan Today. Айғақзат түрінде пайдаланылатын есірткіні жою жөніндегі заң жобасы үкіметке жаздың аяғында енгізіледі. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес комитетінің төрағасы Маратқали Нүкенов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бүгінде бұл заң жобасын мемлекеттік мекемелер қарастырып жатыр. Меніңше біз оны шілде-тамыз айларында үкіметке енгіземіз", - деді М. Нүкенов. "Мақсат - есірткіні екінші айналымға салуға жол бермеу, айғақзат түрінде пайдалану немесе қосымша сараптамаға жолданатынынан өзгесін дер кезінде жою", деп қосты ол.

Комитет төрағасының айтуынша, "қазір комитеттің айғақзаттар қоймасында 25 тонна есірткі жиналған, ал ішкі істер органдарында 16 тоннасы бар". "Сол себепті біздің қолданып жатқан щараларымыз дұрыс деп ойлаймын", - деді комитет төрағасы.

Бұған қоса, М.Нүкеновтың айтуынша, "қазіргі таңда аса ірі көлемде есірткі контрабандасы мен оны сатқаны, кәмелеттік жасқа жепегендерді есіркіге әуестендіргені үшін жүктелетін жауапкершілікті тіпті өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін күшейтуді қарастыратын бірқатар заң жобасы парламентке енгізілген". "Сонымен бірге, түнгі клубтар мен көңіл көтеру орындарының қожайындары мен жетекшілерінің жауапкершілігіне қатысты мәселе қаралып жатыр. Бұл құжаттардың бәрі парламентке енгізілген және олар жуырда қаралады", - деді ол.

Оның хабарлауынша, биыл есірткіге қатысты 5 мыңдай қылмыс жасалып, 4 тоннадан астам есірткі, соның ішінде 250 килограмм героин мен апиын тәркіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны