25.09.2009, 18:41 3463

Айыппұлдардың төмендігі тұрғын үйдің жоспарын жаңадан заңсыз жасаудың артуына алып келуде - Алматы қалалық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

Айыппұлдардың төмендігі тұрғын үйдің жоспарын жаңадан заңсыз жасаудың артуына алып келуде - Алматы қалалық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

Алматы. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Айыппұлдардың төмендігі тұрғын үйдің жоспарын жаңадан заңсыз жасаудың артуына, тұрғын үйлерді апаттың алдындағы ахуалға алып келуде. Бұл туралы бүгін өткен депутаттық тыңдауларда Алматы қалалық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бастығы Асқар Тұтыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Статистика көрсетіп отырғандай, Қазақстанның сәулет және қала құрылысы саласындағы заң нормаларын бұзу күн санап арта түсуде. Мұндай ағым айыппұлдардың төмендігіне байланысты", - деді А. Тұтыбаев.

"Айталық, тұрғын жайдың жоспарын жаңадан жасау мен қайта жабдықтағаны үшін жүктелетін айыппұл көлемі 5 АЕК мөлшерінде белгіленген, бұл - 6480 теңге. Осындай жоспарлаудың соңы қайда алып келетінін көзіңізге елестете беріңіз. Тіпті 10 қабатты үйдің ішкі қабырғаларын, диафрагмасын, жабындарын алып тастау дерегі де кездескен. Үйдің жертөлесінде тірек бағандар мен қабырғаларды алып тастау, фундаментті бұзу оқиғалары да болған. Адамдар тіпті нені бүлдіріп жатқандарынан мүлдем бейхабар", - деді ол.

Оның айтуынша, заң нормаларын бұзушыларға 6480 теңгелік айыппұлдан өзге қандайбір шара қолданылмайды, "олар осындай заңсыз жоспарды өзгерту жұмыстарын одан әрі жалғастыра береді".

"Заң бұзғанды жауапкершілікке тарту қиын. Бұл адамның лицензиясы жоқ және жұмысқа құрылыс нормалары мен ережелеріне ешбір қатысы жоқ тұлғаларды тартады", - деді А. Тұтыбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны