18.01.2007, 14:56 2783

Аймақтық авиапаркін жаңалау бағдарламасының аясында бірінші ұшақтар Қазақстанға 2007 жылдың ортасында әкелінуге тиіс

АСТАНА. 18-қаңтар. Kazakhstan Today. Аймақтық авиапаркін жаңалау бағдарламасының аясында бірінші ұшақтар Қазақстанға 2007 жылдың ортасында әкелінуге тиіс. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиция комитетінің салалақ кеңесінде комитет басшысы Ерлан Қошанов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Аймақтық авиапаркін жаңалау бағдарламасы кем дегенде жарты жылға кешігетіндегін мойындауымыз қажет",- деді Е. Қошанов. "Бұл "Скат" әуе компаниясы үшін АН-148 үлгісіндегі ұшақтың әкелінетіндігіне байланысты",- деді ол. "Аталмыш мәселе Қазақстан-Украина үкіметаралық экономикалық комиссиясының отырысына талқылауға ұсынылған, және де біз бірінші ұшақ осы жылдың ортасында келеді деп үміттенеміз",- деді азаматтық авиция комитетінің басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны