15.01.2007, 14:44 2905

Айнагүл Шәкірова Қазақстан үкімет басшысының баспасөз хатшысы болып тағайындалды

АСТАНА. 15-қаңтар. Kazakhstan Today. Айнагүл Шәкірова Қазақстан үкімет басшысының баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Тиісті бұйырыққа үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қол қойды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне республика үкіметінен хабарлады.

27 жастағы Айнагүл Шәкірованың мамандығы журналист және заңгер, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген, бұрын Kazakhstan Today ақпараттық агенттігінде, Ұлттық баспасөз клубында және PR-компаниясында қызмет еткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны