30.07.2008, 17:46 2904

Айнидегі әскери әуежайды Тәжікстан мен Ресейдің қорғаныс министрліктері бірлесе пайдаланатын болады - РФ қорғаныс министрі

Айнидегі әскери әуежайды Тәжікстан мен Ресейдің қорғаныс министрліктері бірлесе пайдаланатын болады - РФ қорғаныс министрі

Душанбе. 30 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Душанбеден батысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан Айнидегі әскери әуежайды Тәжікстан мен Ресейдің қорғаныс министрліктері бірлесе пайдаланатын болады, деп бүгін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен өткен кездесуден кейін журналистерге РФ қорғаныс министрі Анатолий Сердюков мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Кездесуге қатысқан Тәжікстан Республикасының қорғаныс министрі Шерали Хайруллоев бұл мәселе бойынша аталмыш әуежайды Ресей тарапынан жалға алу туралы сөз болмағанын, тек оны бірлесе пайдаланатындықтарын айтып, өзінің әріптесін қолдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны