03.12.2015, 16:47 4566

Айтыс өнері ЮНЕСКО тізіміне енгізілді

Виндхук қаласында (Намибия) өтіп жатқан ЮНЕСКО-ныӊ материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитетініӊ сессиясы барысында Қазақстан мен Қырғызстан бірлесіп жолдаған "Айтыс - импровизация өнері" атты номинациясы Адамзаттыӊ материалдық емес мәдени мұрасыныӊ көрнекі тізіміне енгізілді

Астана. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - Виндхук қаласында (Намибия) өтіп жатқан ЮНЕСКО-ныӊ материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитетініӊ сессиясы барысында Қазақстан мен Қырғызстан бірлесіп жолдаған "Айтыс - импровизация өнері" атты номинациясы Адамзаттыӊ материалдық емес мәдени мұрасыныӊ көрнекі тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды 24.kz тілшісі.

Бұл шараға Қазақстан Республикасыныӊ ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияныӊ өкілдері және Мәдениет және спорт министрлігініӊ қолдауымен елімізге белгілі айтыскерлер Б.Имашев пен А.Тұрсынбаева қатысуда. Айтыскерлердіӊ сессияныӊ отырысында айтыс өнерініӊ таныстырылымын көрсетуі жоспарланған.

Еске сала кетсек, Комиссияныӊ былтырғы отырысында елімізден ЮНЕСКО тізіміне "Қазақтыӊ дәстүрлі домбыра күй өнері" және Қырғызстанмен бірлесіп ұсынған "Киіз үйді жасаудыӊ дәстүрлі білімдері мен дағдылары" атты номинациялар енген болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны