17.09.2015, 09:08 4101

Ақ шашты жаяу миллионер

"Қорғас" шекаралық бақылау отрядыныӊ шекара наряды тексеріп-өткізу бекетінде (қазақ-қытай шекарасы), үстіміздегі жылдыӊ 15 қыркүйегі күні, түс ауа көршілес елден біздіӊ елге қарай жаяу өтіп келе жатқан жасы жетпіске жетеқабыл (1946 жылы туған) ҚХР азаматын тексеру барысында, ақсақалдыӊ қол жүгініӊ арасына жасырылған, әрі жарияланбаған 4 200 000 тенге табылды

Астана. 17 Қыркүйек. Kazakhstan Today - "Қорғас" шекаралық бақылау отрядыныӊ шекара наряды тексеріп-өткізу бекетінде (қазақ-қытай шекарасы), үстіміздегі жылдыӊ 15 қыркүйегі күні, түс ауа көршілес елден біздіӊ елге қарай жаяу өтіп келе жатқан жасы жетпіске жетеқабыл (1946 жылы туған) ҚХР азаматын тексеру барысында, ақсақалдыӊ қол жүгініӊ арасына жасырылған, әрі жарияланбаған 4 200 000 тенге табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекеттік шекарадан заӊсыз жолмен қомақты қаржы алып өтпек болған миллионер қартпен ендігі жерде "Қорғас" кеден бекетініӊ мамандары жұмыс істейтін болады.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны