03.08.2012, 11:43 2942

"Ақ жол" қазақ мектебін бітірген түлектің орыс тілінде жоғарғы білім алу құқығын құрғамақ

Қазақ-британ техникалық университетінің (ҚБТУ) қабылдау комиссиясы қазақ мектебін бітірген Өрбісінова есімді талапкердің құжаттарын қабылдаудан бас тартқан.

Астана. 3-тамыз. Kazakhstan Today - "Ақ жол" қазақ мектебін бітірген түлектің орыс тілінде жоғарғы білім алу құқығын құрғамақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақ-британ техникалық университетінің (ҚБТУ) қабылдау комиссиясы қазақ мектебін бітірген Өрбісінова есімді талапкердің құжаттарын қабылдаудан бас тартқан.

КазТАГ хабарлағандай, осыған байланысты №48 қазақ мектебінің түлегі, "Алтын белгі" иегері "Ақ жол" партиясына шағым түсірген. "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев ҚБТУ бұл жерде ҚР "Білім туралы" Заңындағы жоғары оқу орындарына жалпы орта білімі мен кәсіби-техникалық білімі бар ҚР азаматтары қабылданады деген талабын бұзып отыр деді. Сонымен бірге заңда жоғары оқу орнына азаматтар ҰБТ немесе кешенді тестілеу нәтижесі бойынша берілген сертификаттағы балға сәйкес конкурстық негізде құжат тапсыра алады делінген.

Айта кетейік, Перуашев құжат тапсыруда басқа талаптардың көрсетілмегенін айтты. Сол себепті Өрбісінова есімді талапкердің жоғары білім алуға құқы шектелген. Осыған байланысты "Ақ жол" партиясының төрағасы ҚР Білім және ғылым министрлігіне сәйкесінше шағым жіберді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны