20.06.2012, 14:41 2709

"Ақ жол" ҚДП жеке пайдалануға арналған жеңіл автомобиль мен мотоциклдер үшін техникалық байқаудан өтуді толығымен алып тастауды қолдау үшін қол қоюды жинауды бастайды

Бұрын хабарлағандай, "Ақ жол" Фракциясының депутаттары жолаушылар мен жүктердің тасымалдауына байланысты емес жеке пайдалануға арналған жеңіл автомобиль мен мотоциклдер үшін техникалық байқаудан өтуді толығымен алып тастауды ұсынған болатын.

Астана. 20-маусым. Kazakhstan Today - "Ақ жол" ҚДП жеке пайдалануға арналған жеңіл автомобиль мен мотоциклдер үшін техникалық байқаудан өтуді толығымен алып тастауды қолдау үшін қол қоюды жинауды бастайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұрын хабарлағандай, "Ақ жол" Фракциясының депутаттары жолаушылар мен жүктердің тасымалдауына байланысты емес жеке пайдалануға арналған жеңіл автомобиль мен мотоциклдер үшін техникалық байқаудан өтуді толығымен алып тастауды ұсынған болатын. Яғни, рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша заң жобасымен жұмыс істеу шеңберінде Фракциямен Жұмыс тобының қарауына "Автомобиль көлігі туралы", "Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы" Заңдарына тиісті түзетулер енгізілді.

Сонымен қатар, Көлік және коммуникациялар министрлігінің осы мәселе бойынша теріс көзқарасының кесірінен осы түзетулердің қабылданбай қалуы ықтимал.

Осыған байланысты "Ақ жол" ҚДП жеке пайдалануға арналған жеңіл автомобиль мен мотоциклдер үшін техникалық байқаудан өтуді толығымен алып тастауды қолдау үшін қол қоюдың жинауын бастайды.

Осы бастаманы қолдау үшін саяси және идеялық сенімдеріне қарамастан, Қазақстанның барлық өңірлерінде тілек білдірушілер қолдарын қоя алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны