05.03.2012, 15:47 3296

Ақ жол партиясы Жалған кәсіпкерлік туралы заңнамаға өзгерту енгізу туралы Жоғарғы Соты нормативтік қаулысының жобасына ұсыныстар жасады

Біз Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 20-тармағына өзгерістер енгізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамасын құптаймыз.

Астана. 5-наурыз. Kazakhstan Today - Ақ жол партиясы Жалған кәсіпкерлік туралы заңнамаға өзгерту енгізу туралы Жоғарғы Соты нормативтік қаулысының жобасына ұсыныстар жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы "Жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері жөнінде" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 1 нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты нормативтік қаулысының жобасын қарап, мыналарды хабарлайды.

Біз Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 20-тармағына өзгерістер енгізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамасын құптаймыз.

Сонымен қатар 20-тармақтың бірінші, екінші және үшінші абзацтарының редакциясы адал кәсіпкерлердің конституциялық құқығын азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен сотта қорғауға қысым жасайды деп ойлаймыз.

Мысалы, жобаның аталған ережелерінде былай белгіленген:

"20. Шығыстардан шегерімдерді және есепке жатқызылған сомалардан ҚҚС-ты алып тастаудың заңдылығы туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізуде зерттеудің нысанасы болған мәмілелердің жарамдылығы жөнінде жалған кәсіпорынның контрагенті ұсынған дәлелдер, соттың заңды күшіне енген үкімінде өзгеше белгіленгендіктен, азаматтық сот ісін жүргізуде нанымды деп таныла алмайды.

Көрсетілген мәмілелердің заңдылығын контрагенттер жоғары тұрған сот сатыларына кейіннен үкімге шағым беру тәртібімен ғана дәлелдеуге құқылы.

Осыған байланысты, ҚІЖК-нің 131-бабының және АІЖК-нің 71-бабының (преюдиция) қағидасы ескеріле отырып, сот үкімімен заңсыз деп танылған мәмілелердің жарамдылығы туралы жалған кәсіпорын контрагенттерінің талаптары қанағаттандыруға жатпайды".

Сонымен бірге, практика көрсетіп отырғандай, істің аталған санаты бойынша сот үкімінің кіріспе және дәлелдеу бөлігі көп эпизодты сипатқа ие және онда, әдетте, жеке кәсіпкерлік субъектілері арасындағы шаруашылық қызметтердің әрбір фактісі бойынша тиісті құқықтық баға берілмейді.

Жасалған мәміленің (мәмілелердің) шынайылығының тиісті құқықтық бағасы сот органдарының мамандануына қарай негізінен азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Жобаның ұсынылып отырған редакциясы "Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР кодексінің (Салық кодексінің) нормаларына сәйкес келмейді.

Кодекстің 115-бабына сәйкес былай белгіленген:

Сот белгілеген қылмыстық әрекет басталған күні шығарылған соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қаулысы негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушінің операциялары бойынша шығыстары, сот жарамсыз деп таныған мәмілелер бойынша шығыстарын қоспағанда, шегерімге жатпайды;

Өз кезегінде Салық кодексінің 257-бабының 3-тармағында, соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қаулысы негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушінің операциялары бойынша қосылған құн салығының сомасы, сот жарамсыз деп таныған мәмілелер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын қоспағанда, есепке жатқызылуға тиіс емес;

Осы Кодекстің талаптарына орай "жалған кәсіпорындардың" басқа компаниялармен жасаған мәмілелері сот тәртібімен жарамсыз деп таныла алады.

Жасалған мәмілелердің шынайылығы Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексі 24-бабы 2-тармағының қолданысына орай азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен дәлелденуге тиіс, өйткені соттар азаматтық және шаруашылық құқық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша істерді қарайды.

Осыған орай Жобаның аталған ережесін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР кодексінің және Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің талаптарымен сәйкес келтіру қажет деп есептейміз.

Жоғарыда баяндалғандарды назарға ала отырып, Жобаның 20-тармағының бірінші, екінші және үшінші абзацтарын мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз:

"20. Жалған кәсіпорынның келісім-шарт жасаушы агенті берген ҚҚС сомасын шығыстар шегерімінен және есепке жатқызудан алып тастаудың заңдылығы туралы істер бойынша мәмілелердің шынайылығының дәлелі азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен не сот үкімімен дұрыс деп таныла алады.

Жалған кәсіпорынның келісім-шарт жасаушы агенттері аталған мәмілелердің заңдылығын үкімге жоғары тұрған сот сатыларына шағымдану тәртібімен не жасалған мәміленің (мәмілелердің) шынайылығы туралы сотқа талап-арыз беру жолымен азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен дәлелдеуге құқылы.".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны