19.06.2012, 14:38 2931

"Ақ жол" партиясының араласуынан кейін Астана қаласының тұрғыны баспана алу кезегіне қайта тұрғызылатын болды

"Ақ жол" партиясының араласуынан кейін Астана қаласының тұрғыны баспана алу кезегіне қайта тұрғызылатын болды. Мамыр айында "Ақ жол" ҚДП-ның парламенттік фракциясына тұрғын үйге мұқтаж К.Төлеген есімді азаматтан оның кезектен заңсыз алынып тасталуы туралы хат түскен болатын.

Астана. 19-маусым. Kazakhstan Today - "Ақ жол" партиясының араласуынан кейін Астана қаласының тұрғыны баспана алу кезегіне қайта тұрғызылатын болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ақ жол" партиясының араласуынан кейін Астана қаласының тұрғыны баспана алу кезегіне қайта тұрғызылатын болды. Мамыр айында "Ақ жол" ҚДП-ның парламенттік фракциясына тұрғын үйге мұқтаж К.Төлеген есімді азаматтан оның кезектен заңсыз алынып тасталуы туралы хат түскен болатын.

Мемлекеттік органдарға бірнеше рет хабарласқанына қарамастан, заңның бұзылу жағдайын жою және тұрғын үйге кезегін қайтадан қалпына келтіру үшін ешқандай шаралар қабылданбаған.

Осыған қатысты "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев Астана қалалық прокуратурасына депутаттық сауал жолдаған болатын. Осы бойынша прокуратура жауапты тұлғалардың заңға қайшы әрекеттерін анықтаған.

"Астана қаласының Тұрғын үй басқармасына К.Төлегеннің баспанаға кезегін қайтадан қалпына келтіру туралы мәселесін көтере отырып, заңсыз іс-әрекетті жою жөнінде ұсыныс енгізілді", - деп Прокуратура тарапынан келген хатта жазылған. Сондай-ақ Тұрғын үй басқармасының кінәлі лауазымды тұлғаларының тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығы хабарланып отыр.

"Ақ жол" партиясының фракциясы Сайлауалды тұғырнаманы іске асыру және сайлаушылардың заңды құқықтарын қорғау бойынша қызметін жалғастыруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны