18.07.2012, 12:09 2797

"Ақ жол" партиясының атынан сайланған депутаттар әлеуметтік саладағы жұмысшылардың жалақысын көтеру туралы мәселені көтермек

Бұл жерге емделуге келу үшін адамдардың жылдар бойына кезекке тұратындығына қарамастан, госпитальдің емделушілерге аса толы еместігі анықталды: ҰОС ардагерлері, ауған соғысына қатысқандар, чернобыльдіктер, Семей ядролық полигонындағы сынақтардан зардап шеккендер.

Алматы. 18-шілде. Kazakhstan Today - 16 шілде күні аймаққа жұмыс сапары аясында "Ақ жол" ҚДП парламенттік фракциясының мүшесі Сағиятулла Сәрсенов және партия төрағасының орынбасары Талғат Ибдіжаппаров "Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталі" РМҚК-на және "Алматы ардагерлері үйіне" барды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" мақаласындағы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтың "Мемлекет стратегиясы әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік прогреске бағытымен құрылады" ұстанымын басшылыққа алған С.Сәрсенов мен Т.Ибдіжаппаров 90 орынды "Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталіне" барды. "Ақ жол" партиясының өкілдері госпитальдің 3 бөлігін аралап, ардагерлермен тілдесу арқылы мұндағы емделушілердің қандай жағдайда тұрып жатқандығын өз көздерімен көріп қайтты.

Бұл жерге емделуге келу үшін адамдардың жылдар бойына кезекке тұратындығына қарамастан, госпитальдің емделушілерге аса толы еместігі анықталды: ҰОС ардагерлері, ауған соғысына қатысқандар, чернобыльдіктер, Семей ядролық полигонындағы сынақтардан зардап шеккендер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны