13.05.2014, 20:39 3213

Ақын О.Сүлейменов "Сөз сыры" атты кітабын таныстырды

Алматыдағы "Ғылым ордасында" ақын, жазушы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің "Сөз сыры" ("Код слова") атты жаңа кітабы таныстырылды.

Алматы. 12 мамыр. Kazakhstan today. Алматыдағы "Ғылым ордасында" ақын, жазушы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің "Сөз сыры" ("Код слова") атты жаңа кітабы таныстырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.

Аталмыш кітап О.Сүлейменовтің "Мың бір сөз" ("Тысяча и одно слово") атты этимологиялық сөздігінің алғысөзі іспеттес.

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жаңа ғылыми еңбектің "Аз и Я" сияқты нәтижеге қол жеткізетініне сенім білдірді. "Бұл кітаптың оның 1975 жылы алғашқы кітабы - "Аз и Я"-ны таныстырған Ғылым академиясында жария етілуінің символдық мәні бар деп ойлаймын", - деді министр.

"Сөз сыры" - этимологияның пәрменді әдісін баяндау, яғни менің 50 жыл бойғы зерделеуім бойынша сөздердің шығу төркінін анықтау", - деді Олжас Сүлейменов. Ол арнайы сайттың көмегімен студенттерді осы салаға мамандандыруды жоспарлап отырғанын айтты.

Жиында ғалымдар жаңа еңбек жөнінде өз ойларын ортаға салды. Олардың пайымынша, кітаптың өзекті қоғамдық-саяси мәні бар және оқырманға тарих пен тілдердің шығуы туралы жақсы мағлұмат береді. "Литературный альянс" қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі Иуелбек Тоқжанов этимологиялық сөздігін толықтырғысы келетіндерді жазушының сайтына кіруге шақырды. "Біз этимологиялық сөздіктің кіріспесін орыс, қазақ, ағылшын және француз тілдеріне аудардық. Осы тілдердің кез келгені арқылы бұл кітаппен танысуға болады. Мақсат - әлем тілдері сөздігін құру. Кітап төрт тілде интерактивті режимде жұмыс істейтін болады. Біз әлемдік аудиториядан кері байланысқа қол жеткізгіміз келеді", - деді Тоқжанов.

Айта кетейік, бұл порталдан "Сөз сипаты" кітабының толық нұсқасын жүктеп алуға да болады. Бұл сайтта Сүлейменовтің жаңа алғысөз жазылған "Аз и Я" кітабы да бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны