10.02.2015, 19:58 4042

ИҚК әскери бөлімдерінде жеке құрамныӊ жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтарыныӊ деӊгейі тексерілді

ҚР ҚК ИҚК әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерініӊ қолбасшысы генерал-майор Нұржан Мұқанов басқарма офицерлерімен бірлесе отырып Иуе қорғаныс күштерініӊ әскери бөлімдерінежоспарлы қызметтік сапармен аралады

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР ҚК ИҚК әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерініӊ қолбасшысы генерал-майор Нұржан Мұқанов басқарма офицерлерімен бірлесе отырып Иуе қорғаныс күштерініӊ әскери бөлімдерінежоспарлы қызметтік сапармен аралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қызметтік сапардыӊ мақсаты - жауынгерлік және жұмылдыру даярлық деӊгейін, жауынгерлік кезекшілікті, әскерлер қызметін, қару-жарақ пен әскери техниканы, тылды, барлық қамтамасыз ету қызметтерініӊ материалдық құралдарын қорын тексеру, сонымен қатар жеке құрамныӊ моральдық-психологиялық ахуалы мен әскери тәртіпті бағалау. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Іс-шараныӊ басты мақсаты - жеке құрамныӊ жауынгерлік дағдысын, ұжымдағы ынтымақтастықты, қабылданатын шешімдердіӊ үйлесімділігін, әскери қызметшілердіӊ моральдық-кәсіби шеберліктерін, әскери бөлімдердіӊ қысқа мерзім аралығында сәйкес шешім қабылдау қабілеттерін жан-жақты тексеру. Біз әрқашанда жеке құрамға үлкен көӊіл бөлеміз, өйткені олар біздіӊ еліміздіӊ әуе кеӊістігін қорғау үшін аса қиын табиғи жағдайларда жауынгерлік қызметтерін атқарады", - деді генерал-майор Нұржан Мұқанов.

Аталған іс-шаралар барысында жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Жезқазған және Сарань қалаларыныӊ әскери бөлімдері тексеріліп, жеке құрамныӊ жауынгерлік даярлық біліктіліктері, үйлесімді жұмыс жасай алу қабілеттері анықталды.

Сонымен қатар, Иуе шабуылына қарсы әскерлерініӊ қолбасшысы қызметтік сапар барысында арнайы рота үшін кешенді объектілердіӊ құрылысы мәселесін қарастырды.

Тексеру қорытындысы бойынша ИҚК Бас штаб офицерлері бригада және арнайы рота командирлері үшін әдістемелік нұсқаулар беріп, қажетті кеӊес түрінде көмек көрсетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны