21.07.2014, 20:31 13046

Ақкөл ауданында спорт алаңы ашылды

Ақмола облысының Ақкөл ауданында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында тұрғындар үшін спорт алаңы салынды.

Алматы. 21 шілде. Kazakhstan today. Ақмола облысының Ақкөл ауданында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында тұрғындар үшін спорт алаңы салынды.

Нысан небәрі бір айда пайдалануға берілді. Онда көпфункционалды спорт алаңы, жасанды шөппен жабылған футбол алаңы бар. Жалпы, қала тұрғыдары мен қонақтар үшін кез-келген уақытта спортпен айналысуға барлық жағдай жасалған, деп "Ақмола Медиа Орталығы" хабарлады.

Айта кетерлік жайт, спорт алаңы балаларға және үлкендерге арналған жаттығу құрылғыларымен жабдықталған. Ал, осындай игі бастаманы жүзеге асыруға республикалық бюджеттен арнайы қомақты қаражат бөлінді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны