29.02.2008, 11:21 791

Ақмола, Алматы, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында барлық жолдар ашылды - ТЖМ

Ақмола, Алматы, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында барлық жолдар ашылды - ТЖМ

Астана. 29 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола, Алматы, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында барлық жолдар ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарында 29 ақпан күнгі сағат 6-да барлық бағыттар бойынша қозғалыс жанданды. Солтүстік Қазақстан облысында 29 ақпан күнгі 6 сағатта республикалық маңызы бар жолдар ашылды.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысында 29 ақпан күнгі сағат 5-те Ақтөбе - Орск, Самара - Шымкент, Ақтөбе - Қарабұтақ жол учаскесінен басқа барлық республдикалық маңызы бар жолдар ашылды. Жолдарды тазалауға 13 дана К-700 және Т-150 тракторы, 8 дана МТЗ және Т-40 тракторлары, 5 дана шнекті ротор, автокөліктер, бұдан басқа да 11 бірлік қар тазартушы көлік, "Қазавтожол" РМК 110 қызметкері жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны