29.12.2011, 10:29 3123

Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында боранға байланысты жолдар жабылды

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 желтоқсанда сағат 10.30-ден бастап келесі республикалық маңызы бар жолдар жабылды.

Астана. 29-желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында боранға байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 желтоқсанда сағат 10.30-ден бастап келесі республикалық маңызы бар жолдар жабылды:

Ақмола облысы:

- Жезқазған - Петропавл автожолының Державинск - Арқалық учаскесі (440-377 км);

- Астана - Петропавл автожолының Астана - Щучинск учаскесі (18-241 км);

- Екатеринбург - Алматы автожолының Астана - Атбасар учаскесі (1237-995 км);

- Жақсы - Есіл - Бузлук автожолының Жақсы - Есіл учаскесі (0-64 км).

- Сондай-ақ, Астана қаласынан барлық бағыттарда жол қатынасына тыйым салынды.

Қарағанды облысы:

- Қызылорда - Павлодар автожолының Жезқазған - Атасу учаскесі (137-252 км);

- Екатеринбург - Алматы автожолындағы Теміртау - Астана учаскесі (1426-1363 км);

- Қызылорда - Павлодар автожолының Қарағанды - Павлодар облысы шекарасы учаскесінде (992-1135 км);

Павлодар облысы:

- Қызылорда - Павлодар автожолының Шідерті - Қарағанды учаскесінде (1206-1135 км);

- Астана - Ерейментау - Шідерті автожолының Шідерті - Астана учаскесінде (259-205 км).

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа-райы жақсарғанша жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салуды сұрайды.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің "Қазақавтожол" РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 44-47-77. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады.

"Қазақавтожол" РМК диспетчерлік қызметтерінің байланыс телефондары:

Ақмола облысы /7162/ 77-10-15

Алматы облысы /7272/ 95-80-09, 95-88-74

Ақтөбе облысы /7132/54-46-42, 54-40-36

Атырау облысы /7122/ 29-01-44, 29-21-80

Шығыс Қазақстан облысы /7232/ 26-28-08, 24-08-98

Жамбыл облысы /7262/ 31-50-83, 31-60-05

Батыс Қазақстан облысы /7112/ 51-08-80, 51-06-10

Қарағанды облысы /7212/ 73-40-01

Қостанай облысы /7142/ 55-82-25, 55-82-30

Қызылорда облысы /7242/ 27-64-85, 27-77-06

Маңғыстау облысы /7292/ 60-53-06, 60-53-07

Павлодар облысы /7182/ 57-09-44

Солтүстік Қазақстан облысы /7152/ 36-74-39

Оңтүстік Қазақстан облысы /7252/ 55-80-95

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны