12.05.2017, 13:54 2692

Ақмола облысы әкімдігі мен Л. Гумилев атындағы ЕҰУ арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды

Осы күнi Л. Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымдарыныӊ қатысуымен Ш. Уәлиханов атындағы КМУ "Туған жер: зерде және зерттеу" атты конференция өттi.

Көкшетау. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгiн Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласындағы тапсырмаларды жүзеге асыру жолдарын түсiндiру мақсатында өӊiрге Еуразия ұлттық университетiнiӊ ректоры Ерлан Сыдықовтыӊ бастап келген университеттiӊ бiр топ ғалымынан құрылған делегациямен кездестi. Делегация құрамында атақты ғалымдар, қоғам қайраткерлерi бар, олардыӊ iшiнде ҚР мемлекеттiк гербiнiӊ авторы Ж. Мәлiбеков, Халық қаһарманы Т. Мұсабаев, қазақ әдебиетi кафедрасыныӊ меӊгерушiсi, филология ғылымдарыныӊ докторы С. Негiмов, Қазақстан Халқы Ассамблеясы кафедрасыныӊ меӊгерушiсi А. Башмаков бар.

Кездесудi ашқан аймақ басшысы, бүгiнгi күнi бiлiм жүйесiндегi қайта жаӊғырту мемлекеттiк саясаттыӊ маӊызды стратегиялық бағыты болып табылатынын атап өттi.

Өз кезегiнде басқосуда ғалымдар аймақты дамытуға бағытталған 4 инновациялық жобамен таныстырды. Олар энергетикалық сервис келiсiмшарты схемасы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтыӊ энергиялық тиiмдiлiгiн арттыру; түрлендiрiлген битумды өндiрудiӊ инновациялық жолы; балшық шөгiндiлерiн экологиялық таза түрде кәдеге жарату;Ақмола облысыныӊ "Алтын сақина" жобасы.

Кездесу қортындысында Ақмола облысы әкiмдiгi мен Л. Гумилев атындағы ЕҰУ арасында өзара ынтымақтастық жөнiнде меморандумға қол қойылды.

Өз кезегiнде аймақ басшысы Мәлiк Мырзалин өӊiрге қажеттi мамандар бойынша облыстан 10 мектептiӊ түлегi Ақмола облысы әкiмiнiӊ грантымен Л. Гумилев атындағы ЕҰУ бiлiм алатынын жеткiздi. Бұл тұрғыда еӊ басты талап, университет бiтiргеннен кейiн түлектер Ақмола облысы аумағында жұмыс жасауы қажет.

Тараптар аталған жоспарлар мен мiндеттердiӊ орындалатынына сенiм бiлдiрiп, ынтымақтастық өрiсiн аймақтыӊ инновациялық түрғыдан жандануында, қажеттi мамандармен толықтыруда одан әрi дамытуға уағдаласты.

Осы күнi Л. Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымдарыныӊ қатысуымен Ш. Уәлиханов атындағы КМУ "Туған жер: зерде және зерттеу" атты конференция өттi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны