28.01.2014, 19:52 9048

Ақмола облысы әкімдігіне қаңтар айында интернет арқылы 95 өтініш түскен

Жалпы, 2013 жылы блогқа облыс тұрғындарынан 1333 өтініш келіп түскен, оның 1300 қаралып, жауаптарын алды. Сондай-ақ, 70 пайыз өтініш оң шешілді.

Алматы. 28 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылдың қаңтар айында Ақмола облысы әкімдігінің интернет - қабылдауы 95 өтінішті қарады, деп Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Ағымдағы жылдың қаңтар айы бойынша облыс әкіміне 95 өтініш келген, оның 20 бүгінгі күні шешілді. Өз өтініштерінде тұрғындар тұрғын үй коммуналдық шаруашылық: сумен жабдықтау, электрмен қамту, жол жөндеу, аймақты абаттандыру, әлеуметтік мекемелерді жөндеуден өткізу сынды мәселелердің шешілуін сұраған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, аймақ тұрғындары жер мәселесіне, еңбектің заманауи емес түріне байланысты сауалдар қойған.

Жалпы, 2013 жылы блогқа облыс тұрғындарынан 1333 өтініш келіп түскен, оның 1300 қаралып, жауаптарын алды. Сондай-ақ, 70 пайыз өтініш оң шешілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны