01.06.2017, 18:20 4553

Ақмола облысы Ақкөл қалалық №1 балалар үйініӊ тәрбиеленушілері Халықаралық мереке - балаларды қорғау күні қарсаӊында Астана қаласына келді

Алдымен балалар еліміздіӊ Тұӊғыш Президентініӊ Мұражайын тамашалап, Елбасыныӊ жұмыс кабинетімен, түрлі елдер президенттерініӊ сыйлықтарымен, күміс залмен және басқа залдармен танысты. Сондай-ақ балалар Қазақстанныӊ олимпиадалық чемпиондарыныӊ көрмесін аралап, ондағы марапаттарды және атақты отандық спортшыларымыздыӊ жеке заттарын көрді.

Астана. 1 маусым. Kazakhstan Today - Ақкөл қалалық №1 балалар үйініӊ және "Теміртау SOS балалар ауылыныӊ" 60 тәрбиеленушісі Халықаралық мереке - балаларды қорғау күні қарсаӊында Астана қаласына келді.

"АЯЛА" қайырымдылық қоры елорданыӊ кішкентай қонақтарына экскурсия және ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды.

Алдымен балалар еліміздіӊ Тұӊғыш Президентініӊ Мұражайын тамашалап, Елбасыныӊ жұмыс кабинетімен, түрлі елдер президенттерініӊ сыйлықтарымен, күміс залмен және басқа залдармен танысты. Сондай-ақ балалар Қазақстанныӊ олимпиадалық чемпиондарыныӊ көрмесін аралап, ондағы марапаттарды және атақты отандық спортшыларымыздыӊ жеке заттарын көрді.

Танымдық экскурсиядан кейін тәрбиеленушілер "Керуен" СОО келіп, "Ассорти" мейрамханасы әзірлеген дәмнен ауыз тиді. "Kinopark" желісініӊ басшылары балаларға "Трио в перьях" мультфильмін қуана тегін ұсынды. Кішкентай көрермендер Көкшетаулық "Гормолзаводтыӊ" дәмді балмұздағыныӊ дәмін татты. Мұнымен қатар, олар "Хэппилонда" ойын-сауық бағдарламасын тамашалады.

KFC және Burger King шараға қатысушы балаларға кешкі ас ұйымдастырды.

Сыйлыққа балаларға "Меломан"компаниясыныӊ түрлі-түсті кітаптары мен "Аруна" баспа үйініӊ иллюстрацияланған қазақстандық ертегілері тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны