20.11.2017, 18:09 4165

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісініӊ басшысы университетте "электронды сот төрелігініӊ" мүмкіндіктерін таныстырды

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісініӊ басшысы Данияр Сарымсақов облыстық прокуратурасы мен университет бірлесіп ұйымдастырған ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз сөйлеп, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетініӊ оқытушылары мен студенттеріне "Электронды сот төрелігініӊ" мүмкіндіктерін таныстырды.

Көкшетау. 20 қараша. Kazakhstan Today - Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісініӊ басшысы Данияр Сарымсақов облыстық прокуратурасы мен университет бірлесіп ұйымдастырған ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз сөйлеп, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетініӊ оқытушылары мен студенттеріне "Электронды сот төрелігініӊ" мүмкіндіктерін таныстырды.

Соттар әкімшісініӊ басшысы Данияр Сарымсақов "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын іске асыру аясында, республика соттарында маӊызды жаӊғыртулар өткізілді деп атап өтті.

"Қазіргі заманғы технологияларды қолдану сот ісін жүргізуді жеӊілдетеді, азаматтардыӊ уақыты мен қаражатын үнемдейді, ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Сот жүйесі үшін бұл сот ісін жүргізуді автоматтандырады және оӊтайландырады, ақпараттық технологияларды дамытып, бюджет қаражатын үнемдейді" - деді Д.Сарымсақов.

Соттар әкімшісініӊ басшысы университеттіӊ оқытушылары мен студенттеріне электронды қызметтермен ұсынылатын жаӊа түрлерін таныстырып өтті. Атап айтқанда, "Электронды сенімхат", "Сыртқы бағалау сауалнамасы", "Сот бұйрықтарын шығару туралы талап қою арыздарын қараудыӊ электронды түрі" және тағы да басқа.

"Сот кабинеті" сервисініӊ тұтынушылары сотқа талап қою арыздар мен құжаттарды электронды түрде жолдай алады. Енді сотқа барудыӊ қажеті жоқ, интернет желісіне қолжетімділік пен электрондық-цифрлық қолтаӊбасы болса жеткілікті", - деді Данияр Сарымсақов.

Таныстыруда жаӊа ақпараттық сервистер мен оныӊ мүмкіндіктері жәнесоттардыӊ қызметі туралы бейне материалдар көрсетілді, деп хабарлайды Ақмола облыстық сотыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны