03.08.2017, 20:18 4568

Ақмола облысы Бұланды ауданыныӊ әкімі "Нұр Отан" партиясында азаматтарды кезекті қабылдау өткізді

Қабылдауда бұландылықтарды мазалаған өзекті және келелі мәселелер көтерілді: мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру; жеке үйлерге су тарту; ауылдық округтерде шөп шабуға қатысты және басқа да сұрақтар.

Көкшетау. 3 тамыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысы Бұланды ауданыныӊ әкімі, аудандық "Нұр Отан" партия филиалыныӊ төрағасы Қуандық Испергенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша аудандық "Нұр Отан" партиясы филиалыныӊ офисында қабылдау жүргізді, деп хабарлайды Ақмола облысыныӊ ішкі саясаты басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Қабылдауға қатысқан мемлекеттік мекемелердіӊ басшылары өтініш берушілердіӊ әр көтерген мәселесі бойынша қажетті түсініктемелер мен пікірлер берді.

Аудан әкімініӊ қабылдауына жазылған 7 адам келді. Қабылдауда бұландылықтарды мазалаған өзекті және келелі мәселелер көтерілді: мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру; жеке үйлерге су тарту; ауылдық округтерде шөп шабуға қатысты және басқа да сұрақтар.

Аудан басшысы оған жеке қабылдауға жазылған барлық аудан тұрғындарын тыӊдады. Азаматтардыӊ өтініштерін қарап, Қуандық Хайдарұлы мемлекеттік қызметшілерге қажетті тапсырмаларды берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны