16.10.2017, 13:13 4250

Ақмола облысы Бурабай курортты аймағында қызметке ақы төлеудіӊ қолма-қол емес түрі енгізіле бастады

Ақы төлеудіӊ мұндай түріне көшу отандық демалушыларға ғана емес, шетелдік туристер үшін де ыӊғайлы болатыны анық. Өз кезегінде бұл курортты аймаққа келушілер қатарын өсіре түседі деген үміт бар, деп хабарлайды Нұрлан Ысқақов, облыстық мемлекеттік кірістер департаментініӊ баспасөз хатшысы.

Көкшетау. 16 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысы Бурабай курортты аймағында алдағы уақытта қызметке ақы төлеудіӊ қолма-қол емес түрі кеӊінен енгізілетін болады. Бұл жөнінде осы мәселеге арналған пилоттық жобасыныӊ тұсаукесер шарасында Ақмола облысы Бурабай ауданыныӊ әкімі Қанат Қарауылов пен облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысыныӊ орынбасары Бауыржан Шәйкенов мәлімдеді.

Бурабай курортты аймағы бүгінде ТМД елдері арасында туристер көп келетін тартымды үштіктіӊ санатында. Бұған осы өӊірдіӊ көркем табиғаты мен кәусардай таза ауасы және шалқар көлдері мен саялы ормандары игі ықпалын тигізіп отыр.

Дегенмен, демалушыларды тек көрікті табиғатпен ғана тартуға болмайды, оған қоса, заман талабына сай сапалы қызмет көрсетуді де жолға қою қажет. Осы орайда, демалушыларға ыӊғайлы есеп айырысудыӊ қолма-қол емес түрін енгізудіӊ маӊызы зор.

Өкінішке орай, қазіргі күні есеп айырысудыӊ бұл түрініӊ көрсеткіші төмен, небары 16,4 пайыз деӊгейінде болып отыр. Қанатқақты жобаныӊ тұсаукесер шарасында осы жайында жан-жақты әӊгіме болды. Жобаға сай еӊ алдымен, курортты аймақтағы бес өткізу қосындары қолма-қол емес есеп айырысу қызметін көрсетуге көшіріледі.

Содан кейінгі кезекте терминалдар арқылы қызмет көрсетуге аймақтағы шипажайлар мен демалыс орындары көшетін болады. Одан әрі дәмханалар мен мейрамханалар, шаштараз, монша қызметтері толықтай қолма-қол емес есеп айырысуға ауысады. Ақы төлеудіӊ мұндай түріне көшу отандық демалушыларға ғана емес, шетелдік туристер үшін де ыӊғайлы болатыны анық. Өз кезегінде бұл курортты аймаққа келушілер қатарын өсіре түседі деген үміт бар, деп хабарлайды Нұрлан Ысқақов, облыстық мемлекеттік кірістер департаментініӊ баспасөз хатшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны