12.09.2018, 23:24 4288

Ақмола облысы Целиноград ауданында алаштыӊ ардақтысы Илихан Бөкейхановты еске алды

Аталмыш іс-шараныӊ мақсаты оқырмандарға алаш көшбасшысы Илихан Бөкейхановтыӊ өмір жолы мен шығармашылығын таныстыру. Таныстыра отырып, өткенге көз жүгірту. Өткен тарихты білмей болашаққа қадам басу мүмкін емес. Сондықтан бүгінгі тәуелсіздігіміздіӊ баянды болуы кешегі аталарымыздыӊ жанкешті еӊбегі, өмірі. Тағлымы мол рухани кештен жастардыӊ алары көп.

Астана. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысы Целиноград ауданы Шалқар ауылыныӊ кітапханасында Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласы аясында Илихан Бөкейхановтыӊ шығармашылығына арналған кеш өтті, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Аталмыш іс-шараныӊ мақсаты оқырмандарға алаш көшбасшысы Илихан Бөкейхановтыӊ өмір жолы мен шығармашылығын таныстыру. Таныстыра отырып, өткенге көз жүгірту. Өткен тарихты білмей болашаққа қадам басу мүмкін емес. Сондықтан бүгінгі тәуелсіздігіміздіӊ баянды болуы кешегі аталарымыздыӊ жанкешті еӊбегі, өмірі. Тағлымы мол рухани кештен жастардыӊ алары көп.

Іс-шараға Шалқар ауылдық округініӊ оқушылары мен мұғалімдері, кітапхана қызметкерлері қатысты. Бұндай іс-шараларды кештіӊ ұйымдастырушылары Целиноград ауданыныӊ аудандық кітапханасы әр ауылдық округтерінде өткізуді жалғастырмақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны