24.10.2017, 17:30 6195

Ақмола облысы Қорғалжыӊ ауданыныӊ Жұмай ауылында Ақ Еділ Қожа мазары орналасқан

Ақ Еділ Қожа мазары - ХІХ ғасырдыӊ теӊдесі жоқ діни сәулет ескерткіші болып саналады.

Көкшетау. 24 қазан. Kazakhstan Today - "Туған жер" арнайы жобасыныӊ аясында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі облыстағы еӊ танымал тарихи ескерткіштерді таныстыру сериясын жалғастыруда.

Ақ Еділ Қожа мазары - ХІХ ғасырдыӊ теӊдесі жоқ діни сәулет ескерткіші болып саналады. Оныӊ пішіні өте қарапайым болып келеді. Бұл дөӊгелек ғимарат көшпелі қазақтыӊ киіз үйіне ұқсайды.

Мазар пішіні киіз үй сияқты, тұйық өлшемі сақталған. Күмбезді төбесеніӊ үстіӊгі бөлігі опырылған, аркалы есіктіӊ кіру көлемі жартылай бұзылған. Негізініӊ күмбезді сегіз қырлы кесененіӊ аймақтық типін сипаттайды, жоспардағы мөлшері 7,8 х 7,6 м, жалпы биіктігі 5 м. шығыс жағындағы ішкі бөлмеге кіретін есік сыртқы тік бұрыш формасында орындалған, жоспардағы биіктігі 3,5 м, адам мүсіні кескініндегі аркалы өтпегі (биіктігі 2,5 м) бар.

Ақ Еділ Қожа мазары Ақмола облысы, Қорғалжыӊ ауданыныӊ Жұмай ауылында орналасқан. Ол исламды бүкіл Қазақстан бойынша таратқан миссионер болған. Негізінде, бұл кесене Жалмағанбет қажы мазары деп аталады. Ақ Еділ Жалмағанбет қажыныӊ баласы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны