20.07.2017, 20:20 4497

Ақмола облысы ұлттық бірыӊғай тестілеудіӊ қорытындысы бойынша 9-орынға көтерілді

Ұ л т т ы қ б і р ы ӊ ғ а й т е с т і л е у д і ӊ қорытындыларын қарау барысында облыстыӊ республика бойынша былтырғы 15- орыннан 9 орынға көтерілгені белгілі болды.

Көкшетау. 20 шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалинніӊ төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеӊесінде "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасыныӊ орындалуы және ұлттық бірыӊғай тестілеудіӊ қорытындылары қаралды. Ұ л т т ы қ б і р ы ӊ ғ а й т е с т і л е у д і ӊ қорытындыларын қарау барысында облыстыӊ республика бойынша былтырғы 15- орыннан 9 орынға көтерілгені белгілі болды.

Биыл облыста бес пәннен орташа көрсеткіш 79,91 баллға жетті.

Ақкөл, Шортанды аудандары мен Көкшетау қаласы, Целиноград, Бурабай және Егіндікөл аудандарында нәтиже облыстық орташа көрсеткіштен жоғары болды. Ал, қалған аудандарда бұл жағы кемшін соқты. Ақкөл ауданынан Айлана Байназарова, Атбасар қаласынан Амнат Огаева, Көкшетау қаласыныӊ Станционный кентіндегі №7 орта мектептен Абдолла Ыдырыс 134-133 аралығында балл жинап, еӊ үздік көрсеткішке қол жеткізді.

Өз сөзінде облыс әкімі құрылыс саласындағы кейбір өзекті мәселелерді тездетіп шешу, барлық аудандар мен қалалардыӊ жүктелген міндетті орындауы тұрғысында нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, биыл тұтастай алғанда ұлттық бірыӊғай тестілеудіӊ ұйымшылдықпен өткізілгенін атап өтіп, білім басқармасыныӊ алқа мәжілісінде, тамыз кеӊесінде, сондай-ақ, әкімдік мәжілістерінде былтыр алда болған аудандардыӊ неліктен өз көрсеткіштерін төмендетіп алғаныныӊ себеп-салдарын анықтауды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны