12.07.2017, 19:55 2433

Ақмола облысы "Жібек жолы-2017" Халықаралық автокөлік раллиініӊ бесінші кезеӊіне қатысушыларды қарсы алды

Ақмола облысы Ерейментау ауданыныӊ тұрғындары Ресей-Қазақстан-Қытай бағытымен өтетін "Жібек жолы-2017" Халықаралық автокөлік раллиініӊ бесінші кезеӊіне қатысушыларды жылы шыраймен қарсы алды.

Көкшетау. 12 шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысы Ерейментау ауданыныӊ тұрғындары Ресей-Қазақстан-Қытай бағытымен өтетін "Жібек жолы-2017" Халықаралық автокөлік раллиініӊ бесінші кезеӊіне қатысушыларды жылы шыраймен қарсы алды.

Оған жақын және алыс шет ел делегациялары үн қосты. Раллиге жүк көліктері,эвакуатор мен тікұшақтар да жұмыла дем берді.

"Орман шаруашылығы" мемлекеттік м е к е м е с і н і ӊ төӊірегіндегі алаӊқайға қонақ қабылдайтын киіз үй тігілген, тікұшақ қонып-ұшатын арнаулы алаӊ белгіленген.

Жергілікті кәсіпкерлер де қала тұрғындары мен қонақтарына ас-суын, дәмін ұсынды. Мекеме жұмыскерлері самауырға ағаш бұтады.Өӊірде алғаш рет өтетін мәртебелі шараны тамашалап қызықтауды жөн көрген қала халқы жан-жақтан жиналды. Таӊғы сағат жеті жарымда келіп жеткен Ақтөбе қаласындағы қазақстандық EURO-ASIA AIR фирмасыныӊ алғашқы тікұшағы ұшу алаӊына келіп қонды.

Аудан әкімініӊ міндетін атқарушы Алик Манадыров қонақтарды қарсы алды. Сәлден кейін ізінше тағы төрт тікұшақ келіп жетті.

Иртүрлі модификациялы, HILLIX, IVECO, TATRA,МАЗ маркалы жеӊіл және жүк көліктері де келді.

Автораллиге қатысушылар 7 шілдеде Мәскеуден жолға шыққан. Қозғалыс картасы бойынша Мәскеу-Чебоксары-Уфа- Қостанай-Астана бағытымен жол жүрген сапарластар 12 шілдеде Ақмола облысына келіп жетті. Ендігі сапарын Семей-Үржар-Қарамай-Үрімжі- Хами-Дунханг-Хайгуан-Жонгвей бағытымен жалғастырмақ ниетте. Соӊғы аялдамасына 22 шілдеде жетеді.

Қонақтардыӊ айтуынша, Ерейментауға дейін 2860 шақырым қашықтықты еӊсерген. Ал, жалпы 7000 шақырым жолды жүріп өтеді екен.

Ресейлік мейман Владимир Чагинмен Францияныӊ өкілдері жергілікті халыққа ризашылық лебізін жеткізді.Қазақстан аумағындағы төлем терминалына қолжетімділік реті,кемпингтердіӊ сервистік қызметі бәрініӊ көӊілінен шыққан .

Жылы шырайлы жүздесуге, қазақстандықтардыӊ қонақжайлық ниетіне сүйсінісін жасырмады. Өлкеніӊ көркем табиғатына, тау-тасына, қайыӊды тоғайына қайран қалды. Қонақтар ұсынған SILK WAY тауар белгісі соғылған кәдесый, бас киім, кеудеше жұрт назарын өзіне аударды. Жергілікті тұрғындар заманауи техниканыӊ, тікұшақтыӊ жанында қонақтармен естелік суретке түсті.

Кезегімен сапарға қосылған автокөліктер де біртіндеп алыс жолға аттана бастады. Бұл сәтте тікұшақ штурмандары - көлік қозғалысын әуеден бақылаушылар А.Конструков, М.Конструков, О . Н е ж н о в , Е . П а в л о в , А.Семенов, Р.Замалетдинов бабымен ақырын әуеге көтеріле берді. Жолаушыларға ілесіп, ж о л т а л ғ а м а й т ы н к ө л і к тізгіншілерініӊ ізіне ілесті. Қала тұрғындары сапарластарға іштей ақ жол, сәт сапар тілеп қоштасты. Меймандарды жергілікті жерде қарсы алуға арналған мәселені барынша жедел, ынтымақтаса ш е ш к е н б а р л ы қ қ ы з м е т көрсетуші мекеме мен жекелеген кәсіпорын басшыларыныӊ, ұжымдарыныӊ еӊбегі өлшеусіз. Олардыӊ қажырлы жұмысы аудан өміріндегі айтулы оқиғаны сәтімен ұйымдастыруға молынан септесті. Иріптестердіӊ бәрі бірлік пен түсіністік танытты.

Тарих дерегіне үӊілсек, ерте уақытта адамдар Ұлы жібек жолын түйе керуенімен еӊсерген. Қазіргі заманауи саяхатшыларымыздыӊ Мәскеу- Қытай бағытындағы бірнеше м ы ӊ ш а қ ы р ы м д ы ж ү рд е к көлікпен жылдам жүріп өтпек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны