14.10.2011, 16:11 3709

Ақмола облысында 2015 жылы ет экспортын 20 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр

Облыста Астана қаласының маңында азық-түлік белдеуін құру жөніндегі президенттік бағдарлама жүзеге асырылуда. "2008-2010 жылдары аралығында жалпы құны 164 млн АҚШ долларын құрайтын 43 жоба жүзеге асырылған.

Көкшетау. 14-қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысында 2015 жылы ет экспортын 20 мың тоннаға жеткізу көзделген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, облыста Астана қаласының маңында азық-түлік белдеуін құру жөніндегі президенттік бағдарлама жүзеге асырылуда. "2008-2010 жылдары аралығында жалпы құны 164 млн АҚШ долларын құрайтын 43 жоба жүзеге асырылған. Ал құны 203 млн АҚШ долларын құрайтын тағы 28 жоба жүзеге асырылуда",- деп атап көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны