24.01.2014, 19:58 3403

Ақмола облысында 5 жыл ішінде "Жас саясаткер" клубында 300-ге жуық адам оқытылды

"Елімізде теңдесі жоқ клуб түрлі саладағы сапалы білімді кадрларды дайындау, жастардың құқықтық және саяси мәдениетін арттыру, шығармашылықты шыңдау, интеллектуалды дамыту мақсатында құрылған болатын. Жұмыс істеген 5 жыл ішінде клуб 300-дей адамды оқытып шығарды", - делінген хабарламада.

Алматы. 24 қаңтар. Kazakhstan today. Ақмола облысында 5 жыл ішінде "Жас саясаткер" клубында 300-ге жуық адам оқытылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Елімізде теңдесі жоқ клуб түрлі саладағы сапалы білімді кадрларды дайындау, жастардың құқықтық және саяси мәдениетін арттыру, шығармашылықты шыңдау, интеллектуалды дамыту мақсатында құрылған болатын. Жұмыс істеген 5 жыл ішінде клуб 300-дей адамды оқытып шығарды", - делінген хабарламада.

Ашылған күнінен бастап клуб Мәжіліс пен Сенат, қалалық және облыстық мәслихат депутаттарымен, құқық қорғау органы қызметкерлерімен, қала мен облыс әкімдерімен, кәсіпкерлік пен мемлекеттік ұйым жетекшілерімен, журналистермен жастарды кездестірді.

Айта кету керек, 2014 жылы курс тыңдаушылары қатарына 37 жас қабылданып, тиісті сертификаттар алды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны