27.07.2015, 09:54 3084

Ақмола облысында 800 тонна шөпті өрт жалмады

Ақмола облысы Аршалы ауданыныӊ Түрген ауылында " "Агрофирмапоиск" жауапкершілігі шектеулі серіктестігініӊ қысқа жинаған төрт мая шөбін өрт жалмады, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен

Астана. 27 Шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысы Аршалы ауданыныӊ Түрген ауылында " "Агрофирмапоиск" жауапкершілігі шектеулі серіктестігініӊ қысқа жинаған төрт мая шөбін өрт жалмады, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ТЖД мәліметі бойынша өрт шілденіӊ 25-нен 26-на қараған түні сағат 00:22 минут шамасында орын алған. Осыныӊ салдарынан "Агрофирмапоиск" ЖШС-ніӊ қысқа жинаған мал азығы, яғни барлығы 800 тоннаны құрайтын 4 мая шөбі күйіп кеткен. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД 6-ӨБ жеке құрамынан 6 адам мен 2 бірлік техника және 3 өрт сөндіру насосы, сондай-ақ, серіктестіктен 4 бірдей К-700, су тасымалдайтын үш ГАЗ-53 көлігі, 1 бульдозер және 30 жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны