14.08.2017, 16:15 4065

Ақмола облысында 900 орындық жаӊа мектептіӊ құрылысы жүруде

Ақмола облысында 900 орындық жаӊа мектептіӊ құрылысы жүруде,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Көкшетау. 14 тамыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысында 900 орындық жаӊа мектептіӊ құрылысы жүруде,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Соӊғы кездері Ақмола облысыныӊ көлемінде құрылыс жұмыстары қарқын алып, әлеуметтік-өндірістік нысандар бой түзеуде.

Облыс орталығы Көкшетау қаласыныӊ бет-бейнесі соӊғы жылдарда қалай өзгергені жергілікті тұрғындардыӊ көз алдында. Ескі ғимараттар көз тартар сәнді, әсем үйлерге айналып, қайта түлеуде. Жаӊа үйлер мен әлеуметтік нысандар салынып қаланыӊ көркін одан сайын аша түсуде.

"Сарыарқа" шағын ауданында іргесі қаланып жатқан 900 орындық жаӊа мектеп осыныӊ бір айғағы іспеттес.

"Илеуметтік инфрақұрылымды дамыту" бағыты бойынша 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында қолға алынған аталмыш жобаны қалалық құрылыс бөлімініӊ тапсырысы бойынша бас мердігер - "Байсын-А" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Жалпы, ұлттық қордан мектеп құрылысына 1 миллиард 43 миллион 112 мыӊ теӊге қаражат бөлінеді деп жоспарланған. Қалалық құрылыс бөлімініӊ құрылыс секторына жетекшілік ететін маман Исемгүл Естаупованыӊ айтуынша, өткен жылы тек 930 мыӊ теӊгесі ғана аударылып, игерілген.

- Мектеп 7 блокты болып салынады. Аумағы 2,7 гектарды құрайды. Білім ордасы 3 сатылы, атап айтқанда бастауыш, негізгі және жалпы орта білім сатысы бойынша және 3 қатарлас сыныпқа арналып салынады. Қазандық шұӊқырларыныӊ, техникалық тірек қабырғаларыныӊ құрылғыларын орнату жұмыстары аяқталды. Құрылыс 2016 жылдыӊ 18 шілдесінен басталды. 2018 жылдыӊ бірінші тоқсанында мектеп толықтай аяқталып, пайдалануға беріледі, - дейді "Байсын-А" жауапкершілігі шектеулі серіктестігініӊ прорабы Серік Өсербаев.

Қазіргі кезде құрылыс алаӊында 120 адам еӊбек етіп жүр. Жұмысшылардыӊ барлығы да өздеріне тиесілі жұмысты ықыласпен орындауда. Біз барғанда Сәрсен Иділовтіӊ сылақшылар бригадасы білім ордасыныӊ екінші қабатыныӊ еденін құю жұмыстарын бастап кетіпті. Бетоннан құйған еден берік әрі көп жұмысты қажет етпейді.

Ал, кірпіш қалаушылардыӊ екі бригадасы мектептіӊ екінші қабатында қабырғаларын қалауда. Өсербай Ибдірахманов жетекшілік ететін кірпіш қалаушылар бригадасындағы Бекет Қожағұлов, Алдияр Есенов, Нұрлан Қайыров сияқты жігіттердіӊ қимылы ширақ. Осы орайда, кірпіш қалаушылардыӊ бірін сөзге тартқан едік.

- Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Уақытымызды тиімді пайдаланып, мектеп құрылысын дер кезінде бітіруге барымызды саламыз. Жұмыс қолы мен құрылыс материалдары жеткілікті, - дейді кірпіш қалаушы Мақсат Шүкібаев.

Құрылыс компаниясыныӊ прорабы Серік Өсербаевтыӊ мәлімдеуінше, ғимараттыӊ сыртқы жұмыстарыныӊ негізі бөлігі аяқталған.

- Қазіргі уақытта ғимараттыӊ үшінші қабатыныӊ қабырғалары мен жоғары техникалық қабаты салынуда. Мектеп қабырғасыныӊ қаӊқасы монолиттен құрастырылып, кірпішпен қалануда. Суық түскенше терезелері мен есіктерін орнатып, ішкі сылақ жұмыстарына кірісеміз. Сонымен қатар, кәріз және жылу құбырлары тартылады. Құрылыс материалдарыныӊ барлығы дерлік отандық өнімдер. Мектеп заманауи үлгіде болғандықтан, химия, физика, математика кабинеттері мен зертханасынан бөлек, спорт залы, стадионы да болады, - дейді Серік Өсербаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны