07.11.2012, 16:11 3401

Ақмола облысында алғашқы балалар кардиохирургия бөлімі ашылды

Ақмола облысының әкімі Қайрат Қожамжаров Көкшетаудағы балалар кардиохирургия бөлімінің ашылуына қатысты. Балалар кардиохирургия бөлімі аймақ медицинасының даму тарихындағы алғашқы кардиохирургия бөлімі болып табылады.

Көкшетау. 7-қараша. Kazakhstan Today - Ақмола облысында алғашқы балалар кардиохирургия бөлімі ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ақмола облысының әкімі Қайрат Қожамжаров Көкшетаудағы балалар кардиохирургия бөлімінің ашылуына қатысты. Балалар кардиохирургия бөлімі аймақ медицинасының даму тарихындағы алғашқы кардиохирургия бөлімі болып табылады.

Биылғы жылы кардиохирургия бөлімінің ашылуына облыстық бюджеттен 240 млн теңге бөлінді, оның 215 млн теңгесі заманауи медициналық құрал-жабдықты сатып алуға бағытталды", - делінген ақпаратта.

Басшылықтың мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда Ақмола облысында туа біткен жүрек ақауы бар, диспансерлік есепте тұрған 14 жасқа дейінгі балалардың саны мыңнан асады. Қазір тек 149 балаға ота жасалды, енді 180 балаға ота жасау қажет.

"Бүкіл қараша бойы литвалық белгілі ғалым, профессор Римантис Бенетис бастаған кардиохирургтер бригадасы облыстық аурухананың дәрігерлерімен бірге жүрек ақауы бар нәрестелердің жүрегіне бірінші рет ашық ота жасайды. Қазіргі кезге дейін алты сәбиге ота жасалды", - деді әкімшіліктен.

Балалар кардиохирургиялық көмек ұйымы ерте диагностика жасауды жақсартуға және жүрек ақауы бар балаларға уақытылы хирургиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Баспасөз қызметінен хабарланғандай, облыстық бюджеттен аурухана корпустарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлінеді. Бұнымен қатар, Қопа көлінің жанында жаңадан салынып жатқан шағын ауданнан медицина қызметкерлері, мұғалімдер және басқа да әлеуметтік сала қызметкерлеріне баспана қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны