18.10.2017, 18:04 4419

Ақмола облысында "Ауылым - алтын тұғырым!" атты көрме байқауы жалғасуда

Көрме байқауы 2016-2018 оқу жылдарын қамтиды. Ал қорытындысы 2018 жылдыӊ мамыр айында шығады деп жоспарланған.

Көкшетау. 18 қазан. Kazakhstan Today - 2016 жылдан бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Қазақстан-2050" стратегиясында нақты атап көрсетілген патриотизмді қалыптастыру мақсатында білім саласы мен Мәлік Ғабдуллин атындағы мұражайдыӊ арасында "Ауылым - алтын тұғырым!" атты инновациялық жоба қолға алынған, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл байқау Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында нақты атап көрсетілген "Туған жер" бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таӊда көрме байқауына қатысу үшін Зеренді, Бурабай, Еӊбекшілдер аудандарыныӊ ауыл мектептері өтініштерін жолдаған. Ал осы уақытқа дейін 9 мектеп өз көрмесін әкеліп қойған.

Жалпы, әр көрме бір ай бойы қала тұрғындарына таныстырылады. Көрменіӊ бір бөлімі ауыл табиғатына, екінші бөлімі ауылдыӊ тарихы мен сол елдіӊ азаматтарын таныстыруға арналған.

Еӊ бастысы, бұл мұражайдыӊ аудан мектептерімен байланысын нығайтуға және этно-педагогикалық бағыттағы насихат жұмыстарын жандандыруға мүмкіндік береді.

Көрме байқауы 2016-2018 оқу жылдарын қамтиды. Ал қорытындысы 2018 жылдыӊ мамыр айында шығады деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны