30.03.2011, 12:56 3615

Ақмола облысында балалар үйінің жоғалып кеткен екі тәрбиеленушісі іздестірілуде

Ақмола облысында балалар үйінің жоғалып кеткен екі тәрбиеленушісі іздестірілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 30 - наурыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысында балалар үйінің жоғалып кеткен екі тәрбиеленушісі іздестірілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Щучідегі балалар үйін өз еріктерімен тастап кеткен кәмілеттік жасқа толмаған екі тәрбиеленушінің қайда екендіктері белгісіз. Бұл туралы сәрсенбі күні Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлаған.

Мекеменің мәліметінше, Щучиде орналасқан "Облыстық балалар мен жасөспірімдер сауықтыру орталығы" мекемесінің басшылары Бурабай АІІБ-на өтініш жасаған. Оқытушылардың айтуынша, 29 наурыз күні "Арман" балалар орталығының балаларының барлығын жиналғанда 1994 пен 1996 жылғы туылған екі бала жоқ болып шыққан. Икімшіліктің айтуынша, олар бұрындары да осылай кетіп қалып, соңынан қайта тауып алып жүрген. Ал бүгінде тәрбиеленушілердің қайда екендігі беймәлім.

"Бурабай АІІБ бірнеше жедел-іздестіру топтары құрылып, полиция бөлімшелерінің барлығына хабарландыру таратылған, қазір бірнеше нұсқаулар жасалып жатыр", - деп хабарлады журналистерге ІІД баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны