12.05.2018, 00:56 4961

Ақмола облысында "Барлығы майдан үшін, барлығы Жеӊіс үшін!" атты көрме өткізілді

Көрменіӊ басты мақсаты аудан тұрғындары мен өскелеӊ ұрпақты ардагерлердіӊ өмірбаяны, жауынгерлік ерліктері және еӊбек жолымен таныстыру, әскери еӊбектері үшін құрмет пен мақтаныш сезімін ұялату және туған жерге деген патриоттық сезім - отансүйгіштік көзқарас тұрғысында тәрбие беру болып табылады.

Көкшетау. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Ақмола облысында "Барлығы майдан үшін, барлығы Жеӊіс үшін!" атты көрме өткізілді.

Ақкөл ауданы мемлекеттік архив тарихи-өлкетану мұражайында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында "Барлығы майдан үшін, барлығы Жеӊіс үшін" атты тақырыпта көрме ұйымдастырылды.

Көрме Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 73 жылдығына арналды. Аталған көрмеде соғыс ардагерлерініӊ жауынгерлік ерлігі мен бейбіт кезіндегі еӊбектері туралы айтатын фотокұжаттар мен буклеттер ұсынылды. Құжаттар Жакупов К.Ж., Потюпкин А.Г., Ерғосаев Н.Е., Шкригунов А.П., Ураев М.А., Мартемьянов Н.Ф. есімді офицерлер, сержант және қатардағы жауынгерлердіӊ өміріне арналған.

Сонымен қатар тарихи құжаттарға сүйене отырып, "Барлығы майдан үшін, барлығы Жеӊіс үшін" атты ұран еӊ басты ұран болып табылған уақытта Щучье ауданы еӊбеккерлерініӊ жеӊіске қосқан үлесі туралы да айтылды.

Көрменіӊ басты мақсаты аудан тұрғындары мен өскелеӊ ұрпақты ардагерлердіӊ өмірбаяны, жауынгерлік ерліктері және еӊбек жолымен таныстыру, әскери еӊбектері үшін құрмет пен мақтаныш сезімін ұялату және туған жерге деген патриоттық сезім - отансүйгіштік көзқарас тұрғысында тәрбие беру болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны