04.05.2017, 16:05 5774

Ақмола облысында "Біз-халық . . . Мен - Қазақстан азаматымын" жобасы бойынша бірінші облыстық қоғамдық жастар тыӊдауы өтті

Байқаудыӊ мақсаты - оқушылар мен студенттерді жобалау қызметімен шұғылдануға тарту, жас ұрпақтыӊ азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Көкшетау. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Ақмола облысы білім басқармасыныӊ 2016-2017 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес Астана қаласындағы Азаматтық білім беру ғылыми-ақпараттық орталығыныӊ қолдауымен, Көкшетау қаласыныӊ № 13 "ЭКОС" экологиялық мектеп-гимназиясында Ақмола облысы жалпы білім беретін мектептерініӊ оқушылары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарыныӊ студенттері арасында "Біз-халық . . . Мен - Қазақстан азаматымын" жобасы бойынша бірінші облыстық қоғамдық жастар тыӊдауы болып өтті,- деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасыныӊ баспасөз қызметі.

Байқаудыӊ мақсаты - оқушылар мен студенттерді жобалау қызметімен шұғылдануға тарту, жас ұрпақтыӊ азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Байқау "Біз-халық . . . Мен - Қазақстан азаматымын" оқу бағдарламасы бойынша жұмыстыӊ шарықтау шегі болып табылады, оныӊ орындалуы барысында оқушылар мен студенттерге жергілікті қоғамдастықтыӊ маӊызды мәселелерініӊ бірін анықтау, оны зерделеу, сондай-ақ оны шешудіӊ өз нұсқасын ұсыну қажет болды.

Қазылар алқасыныӊ құрамына облыстық мәслихат депутаттары, білім басқармасыныӊ өкілдері және Көкшетау қалалық ішкі саясат бөлімініӊ жастар саясаты жөніндегі өкілдері, педагогикалық еӊбек ардагерлері кірді. Тыӊдаудыӊ облыстық кезеӊініӊ модераторы Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту бойынша үйлестіру кеӊесініӊ төрағасы, саяси ғылымдарыныӊ кандидаты М. Ө. Ибраев болды.

Тасқын су қаупі туындау жағдайына байланысты аудандық мектеп және колледж оқушыларыныӊ командалары тыӊдауға онлайн режимде қатысты.

Тыӊдаудыӊ облыстық кезеӊініӊ қорытындысы бойынша 25 команданыӊ 129 қатысушысына оныӊ ішінде 29 педагог - команда жетекшілеріне және 100 оқушы мен студентке қатысу сертификаттары табыс етілді.

"Біз халық... азамат Жобасы" оқу бағдарламасы оқушылар мен студенттердіӊ жергілікті және өӊірлік деӊгейлерде әлеуметтік маӊызы бар мәселелерді шешуге белсене қатысуға мүмкіндік береді.

Грамотамен марапаталғандар:

- "Үздік бірлескен жұмыс үшін" номинациясы бойынша Көкшетау қ. №17 ОМ командасы;

- "Үздік рәсімделген Портфолио" номинациясы бойынша Көкшетау қ. Красный яр с. №3 Агротехникалық колледж командасы;

- "Үздік презентация" номинациясы бойынша Көкшетау қ. Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледж командасы;

III дәрежелі дипломдармен:

- Көкшетау қ. №1 Құрылыс техникалық колледжініӊ командасы ("Көкшетау қаласында студенттік маршруттық автобусты іске қосу" жобасы).

- Атбасар ауданы Мариновка орта мектебініӊ командасы ("Гүлденсе ауыл - гүлденеміз бәріміз!" жобасы)

- Көкшетау қ. М.Ғабдулин атындағы №3 орта мектеп-гимназиясыныӊ командасы ("Қопа көлініӊ ластануыныӊ алдын алу жолдары" жобасы);

II дәрежелі дипломдармен:

- Көкшетау қ. Красный яр с. №3 орта мектеп-гимназиясыныӊ командасы; ("Красный Яр селосындагы жаяу жургiншiлер жолы"жобасымен);

- Көкшетау қ. №11 орта мектеп-гимназиясыныӊ командасы ("Үйсіз жануарлар" жобасы).

I дәрежелі дипломдармен:

Бурабай ауданы Щучинск қ. экология және орман шаруашылығы колледжініӊ командасы ("Гүлденген аялдамалар - Қазақстан қалаларыныӊ экологиялық-эстетикалық мәселелерініӊ шешімі" жобасы").

Гран-при дипломымен конкурс (Көкшетау қаласына Зеренді бағытынан кіру аймағында "Жатқан" полицейді орнату") жобасын ұсынған Көкшетау жоғары медициналық колледжініӊ командасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны