14.11.2017, 17:26 4336

Ақмола облысында денсаулығында кінәраты бар балалар үшін шығармашылық шеберлік сабағы өткізілді

Ақмола облысыныӊ іскер әйелдер қауымдастығы Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ "Мүгедектігі бар балалар мен ересектер арасында жұмыс істеу жүйесін қоғамға белсенді бейімдеу мақсатын ұйымдастыру" жобасыныӊ шеӊберінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардыӊ ата-аналарына арналған шығармашылық семинар өткізді

Көкшетау. 14 қараша. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ іскер әйелдер қауымдастығы Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ "Мүгедектігі бар балалар мен ересектер арасында жұмыс істеу жүйесін қоғамға белсенді бейімдеу мақсатын ұйымдастыру" жобасыныӊ шеӊберінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардыӊ ата-аналарына арналған шығармашылық семинар өткізді, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Семинардыӊ басты мақсаты ата-анасыныӊ көмегі арқылы баланыӊ жеке шығармашылық қасиеттерін дамыту, моториканы, моторлық қызметті дамыту.

10 қарашада Ақмола облысыныӊ Астрахань кентінде арнайы балалармен және 18 жастан асқан жандармен кездесу өтті. Балалар аналарымен бірге және өз бетімен, мұғалімдер мен оқытушылардыӊ көмегі арқылы жаӊа жылдық шыршаға әдемі әшекейлер жасады. Балалар түстерді қайталады, түрлі материалдармен танысып, дамытуға арналған жаттығулар жасады, топ болып та жұмыс істеді.

Балалар шығармашылық жұмыстарымен айналысқанда, олардыӊ ата-аналары әлеуметтік проблемалардыӊ өзектілігі бойынша зерттеуге арналған арнайы сауалнаманы толтырды. Сондай-ақ, оларға кеӊес беріліп, қауымдастықтыӊ қайырымдылық қызметі туралы таныстырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны