18.04.2013, 12:21 4374

Ақмола облысында халық арасында бруцеллезді жұқтыру жағдайлары бар

Ақмола облысында жергілікті екі адам бруцеллез жұқтырды, деп хабарлады мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау облыстық департаментінің баспасөз қызметінен.

Астана. 18-сәуір. Kazakhstan Today - Ақмола облысында халық арасында бруцеллезді жұқтыру жағдайлары бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақмола облысында жергілікті екі адам бруцеллез жұқтырды, деп хабарлады мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау облыстық департаментінің баспасөз қызметінен.

Хабарламада атап өтілгендей, Павлов селолық округінің тұрғындары ауруды ауру малдан жұқтырған.

Науқастанғандар Астанаға емделуге жіберілді.

"Интерфакс-Қазақстанға" Ерейментау аудан әкімі Аманбек Қалжанов айтқандай, наурыз айының басынан бері ұсақ малды тексеру жүргізілуде, оның барысында үш село округінде, оның бірі сол Павловта 28 малдың ауру екендігі анықталған.

Оның айтуынша, олар ауру малды құртқан, мал иелеріне өтемақы төлеу мәселесі шешілген. Тексерулер әлі де жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны