14.04.2014, 19:09 5765

Ақмола облысында Қ. Сәтпаевтың 115 жылдығы аталып өтті

Облыс әкімдігінен хабаралағандай, мерейтойлық шараға "Қ. И. Сәтпаев - ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы" аты ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Оған Қазақстан мен Ресей ғалымдары қатысты.

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan today. Аймақта Қазақстанның Ғылым академиясының негізін қалаушы, ғалым Қаныш Сәтпаевтың 115 жылдығы аталып өтті.

Облыс әкімдігінен хабаралағандай, мерейтойлық шараға "Қ. И. Сәтпаев - ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы" аты ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Оған Қазақстан мен Ресей ғалымдары қатысты.

"Қ. Сәтпаевтың өмірден өткеніне біраз уақыт болды. Бірақ ол өз халқының жадында мәңгіге сақталды. Көзінің тірісінде де қазақ даласының Ломоносовы атығына ие болған", - деді облыс әкімінің орынбасары Д. Иділбеков.

Конференцияда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, С. Елубаев "Қазақстанның аграрлық ғылымында Қ. Сәтпаевтың орны" атты баяндамасын оқыды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны