08.08.2017, 19:42 4402

Ақмола облысында қайырымдылық керуені ұйымдастырылды

Ақмола облысыныӊ іскер әйелдер қауымдастығы Қазақстан халқы ассамблеясы Ақмола облыстық филиалымен және облыстық "Қазақстан-Көкшетау" телерадио кешенімен бірлесіп қайырымдылық керуенін ұйымдастырды. Облыстыӊ 5 ауданында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсетілді.

Көкшетау. 8 тамыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ іскер әйелдер қауымдастығы Қазақстан халқы ассамблеясы Ақмола облыстық филиалымен және облыстық "Қазақстан-Көкшетау" телерадио кешенімен бірлесіп қайырымдылық керуенін ұйымдастырды. Облыстыӊ 5 ауданында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсетілді.

Қауымдастық облыстыӊ 5 ауданына іскер әйелдер басқарған жүк тиелген жеті көлікпен шығып, аймақтардағы әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік, киім-кешектерді сыйлық ретінде үлестірді.

Қауымдастық төрайымы Дәмелі Қойшина бастаған әйелдер алдымен Бурабай ауданына келді. Аудан әкімі Қанат Қарауылов қарсы алып, олардыӊ қолға алған игі істері мен қоғамға қосып жатқан үлестеріне зор алғысын білдірді. Ийелдер көшіне ауданныӊ Бағила Хасенова, Гауһар Хамзина секілді кәсіпкерлері қосылып, 2 жүк тиелген көлікпен көштіӊ соӊынан ілесті. Басқа аудандарға бірге барып, олар да өздерініӊ материалдық көмектерін жоғарыда аталғандай қоғамныӊ осал топтарына тарту етті.

Қауымдастық мүшелері Бұланды, Ақкөл, Шортанды аудандарын аралап, онда гуманитарлық көмекті қажет ететін отбасыларға заттарын үлестірген соӊ, олар Целиноград ауданыныӊ Қабанбай ауылында керуенді тоқтатты. Қабанбайлықтар да керуенді жылы шыраймен қарсы алып, игі тілектерін білдірді.

- Аудандар керуен көшін жақсы қарсы алды. Қоғамныӊ осал топтарына көмек қолын созып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, денсаулықтарында ақаулары бар балаларға, отбасында зорлық-зомбылық көріп жүрген әйелдерге қашанда көмек көрсетуге әзір қауымдастық облыста табысты қызмет етіп келе жатқан ұйым. Ийелдер қауымы қашанда отбасы, баланыӊ жарқын болашағы үшін еӊ көп алаӊдайтын, солардыӊ амандығы мен есендігіне тілекші жандар. Сондықтан да, олардыӊ осындай игі бастамаларын қолдауға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы әрдайым әзір, - дейді Қазақстан халқы ассамблеясы Ақмола облыстық филиалы хатшысы Марал Жақыпова.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны