23.10.2017, 15:06 4667

Ақмола облысында "Қазақ даласыныӊ билер соты - егеменді еліміздіӊ сот-құқықтық жүйесініӊ негізі" атты ғылыми- практикалық конференция өтті

Ақмола облыстық соты мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті бірлесіп "Қазақ даласыныӊ билер соты - егеменді еліміздіӊ сот-құқықтық жүйесініӊ негізі" атты ғылыми- практикалық конференциясын өткізді.

Көкшетау. 23 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облыстық соты мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті бірлесіп "Қазақ даласыныӊ билер соты - егеменді еліміздіӊ сот-құқықтық жүйесініӊ негізі" атты ғылыми- практикалық конференциясын өткізді. Қазақ билері, оныӊ ішінде осы Ақмола өӊірінен шыққан билер мен шешендер жайында баяндамалар жасалған шараға облыс әкімініӊ орынбасары Айна Мысырәлімова, Жоғарғы соттыӊ судьясы, Жоғарғы сот кеӊесініӊ мүшесі Иділ Құрықбаев, ғалымдар мен құқық қорғау саласыныӊ басшылары, қоғамдық ұйымдардыӊ өкілдері қатысты.

Облыстық соттыӊ төрағасы Досжан Иміровтыӊ төрағалығымен өткен ғылыми- практикалық конференцияда Жоғарғы соттыӊ судьясы Иділ Құрықбаев Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмидіӊ құттықтау хатын оқып берді.

Облыс әкімініӊ орынбасары Айна Мысырәлімова Елбасымыздыӊ "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласында көтерілген бастамаларды жүзеге асыру бағытында біздіӊ облысымызда көптеген іс-шаралар өткізіліп, нақты жұмыстар атқарылып жатқанын айта келе, бүгінгі өткізіліп отырған конференция да рухани жаӊғыруға үн қосқан маӊызды шара болатынына сенім білдірді. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетініӊ ректоры, тех- ника ғылымдарыныӊ докторы, профессор Ибдімүтәліп Ибжаппаров "Қазақтыӊ би- шешендері қайталанбас тарихи тұлғалар. Қазақтан басқа бірде-бір халықта ел өмірініӊ барлық қырларына араласатын қазақ билері сияқты тұлғалар болмаған. Қара қылды қақ жарған қазақ билерініӊ билігі қазіргі судьяларға үлгі", - деп атап өтті. Облыстық соттыӊ төрағасы Досжан Иміров "Билер соты - тәуелсіз еліміздіӊ сот- құқықтық жүйесініӊ негізі" атты баяндама жасап, қазақтыӊ билері әділ шешімдерімен елді аузына қаратып, дауласқан екі тараптыӊ да көӊілінен шығатын жүйелі билігімен ел құрметіне бөленгендігін айтты. Билер даулы мәселелерді қарау кезінде барынша ашықтық принципті басшылыққа алып, тараптардыӊ мүмкіндігіне шектеу қоймай, екі жақты бітістіруге күш салған. Ел ішіндегі үнемі болып тұратын түрлі дау-дамайларды шеше отырып, қазақтыӊ дана билері кәсіби жағынан шыӊдалып, тәуелсіз сот билігі ретінде ғасырлар бойы қалыптасты. "Билік айтқан би емес, бітістірген би" деген принцип те содан қалса керек. Яғни, билік айтудыӊ мұраты жазықтыны жазалау емес, дауласқан тараптарды бітістіріп, дауды ушықтырмай шешу, ел ішініӊ бірлігі мен бүтіндігін сақтауға қызмет ету болған. Елбасымыздыӊ сот жүйесініӊ алдына қойып отырған міндеттері де осымен үндеседі" , - деді облыстық соттыӊ төрағасы.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетініӊ проректоры, тарих ғылымдарыныӊ кандидаты Аманай Сейітқасымов "Қарауыл Қанай би" туралы тарихи деректер мен шежіреге негізделген мазмұнды баяндама жасады.

"Заманымызда болған небір ұлттық қаһармандарға сипаттама бермейсіз бе", - деп Абылай хан сұрағанда Бұқар жырау былай деген екен: - Айтсаӊ Бәсентиін Малайсарыны айтсаӊшы, үні жақсы еді, ашық көӊілмен салдырып отырушы еді. Қарауыл Қанайды айтсаӊшы, сөздіӊ майын тамызып сөйлеуші еді. Бәрін айт та бірін айт Қанжығалы Бөгенбайды айт. Ақылдыӊ жатқан үйін табушы еді күні кетті бейшара, кәрілікке не шара? Бұл өмірде асқан дана Қаз дауысты Қазыбек еді ғой, - деген екен. Сегіз сері былай деп бата берген екен: Үш жүздіӊ Абылайдай тілегі бол, Марабайдай ақыны - жүрегі бол. Еліӊе Жанатайдай айтулы бол, Қобыланды батырдай білегі бол. Белгібай Құлекедей білекті бол, Беріште Исатайдай жүректі бол. Халқыныӊ қамын жерген ертелі-кеш Қарауыл Қанай бидей тілекті бол, - деп халық аузында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан аӊыз әӊгімелер мен ғалымдарымыздыӊ еӊбектерін негізге ала отырып, Қанай бидіӊ өмірі мен ел алдындағы еӊбегін жан-жақты ашып баяндап берді.

Осы оқу орныныӊ профессоры, экономика ғылымдарыныӊ докторы Қасымхан Құсайынов пен облыс соттары ардагерлер ұйымыныӊ төрағасы, отставкадағы судья Мейрам Ғибаділов Көкше өӊірінен шыққан Дүйсен би, Бекше би, Илдебек би және Етекбай билер жайында ел аузында сақталған аӊыз-әӊгімелерге және тарихи деректерге негізделген баяндамалар жасап, өз заманын- да халқына, еліне орасан зор еӊбегін сіӊірген тарихи тұлғалардыӊ есімін ел есінде сақтау үшін туып-өскен жерлеріндегі бір елді мекен мен облыс орталығынан көше атауын беру туралы ұсыныстарын білдірді.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетініӊ заӊтану кафедрасыныӊ аға оқытушысы , заӊ ғылымдарыныӊ кандидаты Ерлан Наурызбаевтыӊ "Рухани жаӊғыру идеясыныӊ әлеуметтік-мәдени өрісі", осы оқу орныныӊ доценті, филология ғылымдарыныӊ кандидаты Аманжол Есмағұловтыӊ "Сөзін ханға өткізген Бөгенбай би", Атбасар аудандық сотыныӊ судьясы Асқар Шарапатовтыӊ "Байдалы би", облыстық соттыӊ судьясы Сәуле Қияшеваныӊ "Дархан даланыӊ даналары: Бапан және Саққұлақ билер" деген тақырыптағы баяндамалары да көпшілік тарапынан қызығушылықпен қабылданды.

Конференция барысында Ақмола өӊірінен шыққан билер мен шешендер жайында түсірілген бейнеролик көрсетіліп, университет фойесінде облыстық соттыӊ мұражайынан алынып жасалған билерге арналған көрме жұртшылық назарына ұсынылды.

Ғылыми-практикалық конференцияны қорытындылаған облыстық соттыӊ төрағасы Досжан Иміров Жоғарғы соттыӊ төрағасы Қайрат Мәмидіӊ өткізген "Рухани жаӊғыру - мәӊгілік ел болудыӊ кепілі" тақырыбындағы дөӊгелек үстелде қабылданған қарарды жүзеге асыру шеӊберінде ұйымдастырылған конференцияға қатысушыларды бірлесе жұмыс жүргізуге шақырды.

Шара соӊында облыс әкімдігімен және құқық қорғау органдарымен бірлескен Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласыныӊ қағидаларын жүзеге асыру бағытында атқарылатын іс-шаралар жоспары жөніндегі қарар қабылданды.

Жыл бойына жүзеге асырылуға тиісті іс- шаралардыӊ ішінде мәдениет мекемелеріне, оқу орындарына атақты билердіӊ есімдерін беру, билер мен шешендердіӊ өмірі жайындағы бейнероликтер түсіру, құқық органдарында мемлекеттік тілді қолдану ая сын кеӊейту, әлеуметтік желілерден "Қазақ билер соты" тақырыбындағы парақша ашып, интернет арқылы билеріміздіӊ өмірі мен халыққа сіӊірген еӊбектерін насихаттау сияқты шаралар бар, деп хабарлайды жергілікті басылымдар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны