26.11.2017, 12:18 4316

Ақмола облысында "Қазақстан Лапландиясы" деп аталатын ертегілік мұз қалашығыныӊ ашылу салтанаты өтті

Шараныӊ негізгі мақсаты - балалар мен жасөспірімдердіӊ демалысын ұйымдастыру әрі Щучинск-Бурабай курортты аймағына туристердіӊ назарын аудару.

Көкшетау. 26 қараша. Kazakhstan Today - Ақмола облысында өткен аптада "Қазақстан Лапландиясы" деп аталатын қысқы маусымға арналған ертегілік мұз қалашығыныӊ ашылу салтанаты болып өтті.

Шараныӊ негізгі мақсаты - балалар мен жасөспірімдердіӊ демалысын ұйымдастыру әрі Щучинск-Бурабай курортты аймағына туристердіӊ назарын аудару.

Мұз қалашығында Санта Клаустыӊ резиденциясы жаӊартылған. Онда тіпті ит пен бұғы жеккен солтүстік сілемдеріне де барып қайтуға болады.

Бұл шараны "Бурабай Даму" ЖШС ұйымдастырып отыр.

-Үстіміздегі жылы біз балаларға арналған көптеген шаралар ұйымдастырдық. Олардыӊ жүздерінен бақытты шырай көргіміз келеді. Балалардыӊ күміс күлкісініӊ сыӊғырынан артық жаныӊды жадыратар не бар? Бұл жерде жалғыз балалар ғана емес, ересектердіӊ де демалуына біршама қолайлы жағдай туғызылып отыр,-дейді серіктестіктіӊ бас директоры Ғалымжан Ибдіхалықов.

Ертегі маусымы келер жылдыӊ наурыз айыныӊ 22-іне дейін жұмыс істейтін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны