04.09.2018, 15:22 5259

Ақмола облысында "Келін отбасыныӊ ырысы" атты облыстық байқау ұйымдастырылды

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ қолдауымен "Шаӊырақ" әлеуметтік-психологиялық және орталығы" және Целиноград аудандық ішкі саясат бөлімініӊ бірлесіп ұйымдастыруымен "Келін отбасыныӊ ырысы" атты облыстық байқау ұйымдастырылды, деп хабарлайды Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Көкшетау. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ қолдауымен "Шаӊырақ" әлеуметтік-психологиялық және орталығы" және Целиноград аудандық ішкі саясат бөлімініӊ бірлесіп ұйымдастыруымен "Келін отбасыныӊ ырысы" атты облыстық байқау ұйымдастырылды, деп хабарлайды Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Қорғалжыӊ, Ерейментау, Аршалы, Астрахан, Ақкөл, Целиноград аудандарынан жас келіндер қатысып, бақ сынасты. Сайыстыӊ негізгі мақсаты - қазақтыӊ ежелден келе жатқан шежірелі тарихын, салт-санасын, әдет-ғұрпын дәріптеу.

"Келіні жақсы үйдіӊ керегесі алтын" демекші, қазақ халқы қыздыӊ тәрбиесіне болашақ келін деп көӊіл бөлген. Өйткені, жақсы келін бір шаӊырақтыӊ ғана емес, тұтас бір ұлттық болашағы, келер ұрпақтыӊ тәрбиешісі. Болашағын бағдарлаған ел де оныӊ бастауына дендеп көӊіл бөлген. Ұйымдастырылып отырған жарыс та осы мақсатты көздеп, салт санамызды жаӊғыртып, ұмытылып бара жатқан дәстүрімізді дәріптеуге негізделіп отыр. Аталмыш сайыс бірнеше кезеӊнен тұрды. Атап айтсақ, "Меніӊ отбасым - меніӊ бақытым", "Өнерлініӊ өрісі кеӊ", "Қазақтыӊ салт-дәстүрлері", "Ұлттық тағамдар" және үй тапсырмасы "10 саусағынан бал тамған".

Ир кезеӊ бойынша қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды. Бірі қара өлеӊмен, бірі қазақтыӊ қара домбырасымен күмбірлетіп өзін таныстырса, бірі театрландырылған көрініспен барлық отбасы мүшелерініӊ қатысуымен өздерін көрсетіп жатты. Ал "Өнерлініӊ өрісі кеӊ" кезеӊінде келіндер жаӊа қырынан ашылып, бірі мыӊ бұрала билеп, бірі әннен шашу шашты.

Сайыс барысында қазақтыӊ бесікке салу, тұсау кесу, сыӊсу, балаға жеті атаны үйрету, ат тергеу, қыз ұзату сынды, сонымен қатар, көмескіленіп, ұмытылып бара жатқан әдет-ғұрыптарынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды.Сонымен қатар, көрермен көзайымына айналған келіндер "Өнерлі келін", "Шебер келін", "Көркем келін", "Білімді келін" сынды номинациялармен марапатталды. Сонымен үшінші орынды Целиноград ауданыныӊ намысын қорғаған, халық әнін қазақтыӊ қара домбырасымен құйқылжыта орындап көпшіліктіӊ алғысына бөленген Өмірхан Разыхан иеленді. Екінші орынды Ерейментау ауданынан келген Амина Омарова алса, бірінші орынды Аршалы ауданыныӊ үмітін арқалай келген Айдана Сембиева иеленді. Бас жүлдені сайыстыӊ бар талабына сай келген Целиноград ауданынан қатысқан Жанна Сарина қанжығасына байлады.

Ұлттық болмысымызға тән рәсімдерді сән-салтанатпен көрсете білген бұндай байқаудыӊ жастар үшін тағылымы мол. Аталмыш шара салтымызды жаӊғыртып, жастарға тәлім-тәрбие беруде маӊызды қадам екені анық.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны