01.03.2018, 14:34 4607

Ақмола облысында конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығыныӊ мамандары кездесулер өткізуде

Ақмола облысында Дін істері басқармасыныӊ жанындағы "Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы" КММ мамандары Аршалы ауданында діни экстремизм мен терроризмніӊ алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен таныстыру мақсатында кездесу өткізді

Көкшетау. 1 наурыз. Kazakhstan Today -Ақмола облысында Дін істері басқармасыныӊ жанындағы "Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы" КММ мамандары Аршалы ауданында діни экстремизм мен терроризмніӊ алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен таныстыру мақсатында кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақмола облысыныӊ ішкі саясат басқармасы.

Таӊертеӊнен бастап теологтар мемлекеттік, азаматтық қызметшілер, діни мұғалімдер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, студенттер мен колледж студенттері сияқты түрлі әлеуметтік топтар үшін кездесулер өткізген. Сондай-ақ, Ижевск, Ақбұлақ және Түргенніӊ ауылдық округтарыныӊ тұрғындары да қатысқан. Аудитория әртүрлі болғанымен, бәрін бір сұрақ пен бір мәселе алаӊдатты - адамдарға дәстүрлі емес діни көзқарастармен әсер етуден қалай аулақ болу керектігі. Алдау-арбау кезінде қолданылатын тәсілдер мен халықтыӊ осал топтары талқыланды. Мәселен, сарапшылардыӊ пікірінше, жастар өздерініӊ жасына байланысты жағдайды тереӊ талдай алмайды және әртүрлі әсерлерге оӊай бейімделе алады. Теологтар мұндай жағдайда имамға немесе діни бірлестіктіӊ ресми сайтына дереу хабарласу керектігін айтып, туындаған мәселеге толығымен жауап алуға болатындығын түсіндірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны