08.07.2015, 12:56 3341

Ақмола облысында күнніӊ суықтығынан ұсақ мал қырылды

Ақмола облысыныӊ Ерейментау ауданында күнніӊ суықтығы мен шелектеп құйған жаӊбырдан 1,2 мыӊнан астам ұсақ мал қырылып қалды

Астана. 07 Шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ Ерейментау ауданында күнніӊ суықтығы мен шелектеп құйған жаӊбырдан 1,2 мыӊнан астам ұсақ мал қырылып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ерейментау ауданыныӊ аумағында нөсер жауын мен ауа температурасыныӊ +5 ... +7ИС дейін төмендеуі салдарынан жайылымда жайылып жүрген қой-ешкі жаппай қырылды. Аудан әкімдігініӊ ақпаратынша, барлығы алты шаруа қожалығы мен жекеменшік аулаларда 1261 бас қырылған", - дейді Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметініӊ қызметкері Айымгүл Меӊдібаева, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Ерейментау ауданы ветеринария бөлімініӊ басшысы С.Арынғазинніӊ ақпаратынша, төрт-түліктіӊ қырылуына күнніӊ кенеттен суытып кетуі себеп болған.

"Өлген малдан барлық қажетті анализдер мен материал үлгілері алынып, жұқпалы аурудыӊ бар-жоғын тексеру үшін Астанаға жөнелтілді", - дейді Арынғазин.

"Қазіргі таӊда аталған ауылдық округтерде өлген мал көміліп жатыр", - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ күн райыныӊ қолайсыздығы Сандықтау ауданындағы білім ошақтарына зиянын тигізген. Атап айтсақ,төпелеп жауған жаӊбыр мен бұршақтыӊ кесірінен екі ауылдық мектептіӊ терезесі қираған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны