22.05.2007, 11:02 2904

Ақмола облысында құрамында алтыны бар руданы жинайтын және өңдейтін 50-ден астам орынның қызметі тоқтатылды - ІІМ

АСТАНА. 22 - мамыр. Kazakhstan Today. Ақмола облысында құрамында алтыны бар руданы жинайтын және өңдейтін 50-ден астам орынның қызметі тоқтатылды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпарат және бұқарамен байланыс орталығының басшысы Бағдат Қожахметов баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ақмола облысының Ішкі істер департаментінің және Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Департаментінің қызметкерлері 15 мамыр күні Степногорск пен Ерейментау қалаларының, сондай-ақ Бестөбе, Ақсу, Заводской, Жолымбет, Изобильный және Бөгембай ауылдарының кәсіпорындарының құрамында алтыны бар кварц рудасын заңсыз қабылдау және өңдеуге қатыстылығын анықтау мақсатында бірлескен операция жүргізді", - деді Б. Қожахметов.

Оның айтуынша, аталған елді мекендерде бір уақытта жүргізілген жаппай тексеру 670 тоннадан астам кен анықталып кейіннен тәркіленген құрамында алтыны бар руданы заңсыз жинау және өңдеудің 22 орнын, сонымен қатар, оны өңдейтін 30 кіші-гірім цехты анықтауға мүмкіндік берген.

"Тұйық теміржолдарда руда толтырылған тағы екі вагон анықталды", - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі. Оның ақпаратына сәйкес, аталмыш деректер бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 193-бабы бойынша қылмыстық істер қозғалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны