Система Orphus

Ақмола облысында "Латын әрпіне көшу - қазақ тілін дамыту мен жаӊғырту жолы" атты семинарлар өткізілді

13.04.2018, 10:14 2961

Көкшетау. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Аймақтағы жастарды ғылым және білім саласында қолдау мақсатында 2017 жылдыӊ мамыр айында Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президенті - Елбасы қоры мен Ақмола облысы Икімдігініӊ арасында серіктестік туралы Меморандум жасалған. Осы Меморандум аясында және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында Ақмола облысыныӊ тілдерді дамыту басқармасы Мемлекеттік тілді дамыту қорымен бірлесіп "Латын әрпіне көшу - қазақ тілін дамыту мен жаӊғырту жолы" атты семинарлар өткізді, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Семинардыӊ бірінші кезеӊі облыстағы студенттер, жастар қоғамдық бірлестіктерініӊ өкілдері, өзге ұлт жастары, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдері, аудармашылар, ғалымдар мен БАҚ өкілдерініӊ қатысуымен облыс әкімдігініӊ әкімшілік ғимаратыныӊ мәжіліс залында өтті.

Семинардыӊ екінші кезеӊі мектеп ұстаздары мен 9-11 сынып оқушыларына № 3 Красный-Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясында өтті.

Семинар барысында смартфон және планшеттерге (Android және ІOS платформалары үшін) арналған латын әріптерімен қазақша пернетақта "Qazaq Latyn Keyboard" жаӊа жобасыныӊ тұсаукесері жасалады.

Семинарды Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасыныӊ басшысы Марал Жақыпова жүргізді. Мемлекеттік тілді дамыту қорыныӊ директоры Азат Шәуеевтіӊ, талантты ақын, көптеген халықаралық, республикалық әдеби байқаулардыӊ жеӊімпазы, Қазақстан жазушылар одағы Астана қаласы филиалыныӊ директоры, "Мәдениет" порталыныӊ бас редакторы Бауыржан Қарағызұлыныӊ, Қор жобаларыныӊ үйлестірушісі Исет Оспановтыӊ және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінен қазақ филологиясы кафедрасыныӊ аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдардыӊ магистрі Лайс Мусинніӊ баяндамалары тыӊдалды.

Семинарға қатысушылар үшін Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасыныӊ "Қазақ латын әліпбиі тарихыныӊ архив құжаттары" тақырыбында және Ақмола облысыныӊ білім және мәдениет басқармалары тарапынан "Латын әліпбиіне көшу - заман талабы" тақырыбындағы көрмелер ұйымдастырылды. Көрмеге латын графикасы жөнінде Жарлықтыӊ жарияланымдары, мерзімді басылым беттерінде шыққан мақалалар, зиялы қауымныӊ ой-пікірлері, 1929-1940 жылдар аралығындағы қазақ жазуыныӊ латын графикасында кеӊінен қолданылғанын растайтын мұрағаттық құжаттары, білім саласындағы соӊғы инновациялар қойылды. Іс-шара соӊында Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасы дайындаған өӊірдегі жас ақындардыӊ өнерін көрсететін үш бейнероликтердіӊ тұсаукесері өткізілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны