01.07.2014, 20:26 3411

Ақмола облысында "Мұғалім 2014" спартакиадасы өтті

Шараның басты мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сайыс спорттың алты түрі бойынша өтті. Олар: дартс, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, күрес, волейбол. Спартакиада жеңімпаздары болып Көкшетау қаласы атанды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 1 шілде. Kazakhstan today. Ақмола облысының Бурабай ауданы Қатаркөл ауылының ауыл шаруашылық колледжі базасында облыстық "Мұғалім 2014" спартакиадасы өтті, шараға облыстың 19 ауданының қызметкерлері қатысты.

Шараның басты мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сайыс спорттың алты түрі бойынша өтті. Олар: дартс, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, күрес, волейбол. Спартакиада жеңімпаздары болып Көкшетау қаласы атанды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Спартакиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мақтау қағаздары мен кубоктармен марапатталды. Көкшетау қаласы 90 мың теңгенің сертификатына ие болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны