12.07.2018, 18:19 3269

Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған тақырыптық кеш өтті

Ақмола облысы Біржан сал ауданданындағы кітапханада Астананыӊ 20 жылдық мерекесіне орай аймақтағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған "Астана ардағым!" атты тақырыптық кеш өтті, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Көкшетау. 12 шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысы Біржан сал ауданданындағы кітапханада Астананыӊ 20 жылдық мерекесіне орай аймақтағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған "Астана ардағым!" атты тақырыптық кеш өтті, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Аудан әкімініӊ орынбасары Орынбасар Ахметова мүмкіндігі шектеулі адамдарға спорттық жарыстарға белсене қатысқандары үшін алғысын білдіріп, салтанатты түрде республикалық және облыстық спорттық жарыстарда қатысқан жүлдегерлер Юрий Жуковқа, Нұрлан Айнке, Бота Сматаеваға, Сағат Беляловқа, Дмитрий Колпаковқа, Болат Айтымовқа, Ақтілек Асылбекке, Айгүл Тоқсановаға сыйлықтар мен грамоталар сыйға тартты.

Іс-шара барысында облыстық мүгедектер қоғамыныӊ төрағасы Серік Икімбаев Біржан сал ауданына осындай шара өткізгендері үшін алғысын білдіріп, бірнеше жанға сыйлығын табыс етті. "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Өміртай Жомартов партия мүшесі Б.Айтымовқа естелік сыйлық табыстады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімініӊ басшысы Назгүл Құлағнанова барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, аудан әкімініӊ атынан сақау-саӊырау клубыныӊ меӊгерушісі Роза Айтмағамбетоваға сыйлық тарту етті. 2 топтағы мүгедек Ербол Амандосов үкіметтік емес ұйым жарлығыныӊ жобасымен таныстырылып, осы бағытта жұмыс жүргізуге ниетін білдірді. Жиын аудан орталығындағы мәдениет үйініӊ қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламаныӊ көрермендерге жағымды әсер қалдыруымен аяқталды. Бұл кеште мүмкіндігі шектеулі адамдардыӊ ер жүрек екендігі тағы бір дәлелденді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны