29.09.2017, 12:20 4506

Ақмола облысында "Музейге жәдігер сыйла" акциясы ұйымдастырылуда

Ақмола облысыныӊ Атбасар тарихи-өлкетану музейінде "Атамекен - еліме аманат" атты инновациялық жобасы аясында "Музейге жәдігер сыйла" акциясы қарқынды түрде ұйымдастырылуда.

Көкшетау. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ Атбасар тарихи-өлкетану музейінде "Атамекен - еліме аманат" атты инновациялық жобасы аясында "Музейге жәдігер сыйла" акциясы қарқынды түрде ұйымдастырылуда.

Көне жәдігерлер көӊілге түрлі ой салып, өткен ғасырлардағы ата-бабаларымыздыӊ тұрмыс-тіршілігінен хабар береді. Ескі заттарға қарап бағзы замандағы адамдардыӊ өмірін көз алдыӊа елестетесіӊ. Тіпті, сол көне заманға барып келгендей әсер аласыӊ.

Атбасар қаласыныӊ байырғы тұрғыны Сұлтанғазы Көпеев пен бәйбішесі Бейсенгүл Төлешқызы немерелерін музейге алып келді. Біраз әӊгімелесіп танысқан соӊ не себеппен жүргендерін айтты. Олар мұнда кітаптар мен құнды жәдігер - саптама етікті тапсыруға келіпті. Өткен ғасырдыӊ қазақтары киген, сақырлаған сары аязда аяқты тоӊдырмайтын саптама бірден көзіме жылы ұшырады. Бала кезімізде ауылдағы ақсақалдарымыз қонышы ұзын саптама киіп жүретінін көріп өскенбіз.

-Бұл саптама әкем Сейітбектіӊ бізге қалдырған көзі. Оны сонау 1960-шы жылдары Қима ауылында тұратын әйгілі етікші Исет деген шеберге тіктіртіпті. Өзі өмірден өткенше қырық жылдай осы етікті пайдаланды,- дейді Сұлтанғазы аға.

Саптама етіктіӊ иесі Сейітбек Көпеев Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері, 1910 жылы бұрынғы Есіл ауданы Сталин атындағы колхозда дүниеге келген екен. Ол кісі 1998 жылы 88 жасында өмірден өтіпті. Құрманғазы, Сұлтанғазы, Ерғазы, Серғазы есімді ұлдарын тәрбиелеп өсіреді. Ұлдыӊ екіншісі Сұлтанғазы Қима ауданыныӊ Кеӊарал ауылында тұрады. Ғұмыр бойы кеӊшар есепшісі болып еӊбек етіпті. Жасы жетпістіӊ үшеуіне келіп отырған Сұлтанғазы аға майдангер әкесінен қалған жәдігер "қараусыз қалмасын, елдіӊ игілігіне жарасын" деген ниетін білдірді.

Сөйтіп, Атбасар тарихи-өлкетану музейі тағы бір көне жәдігермен толықты, деп хабарлайды Темірбек Қасымжанов, Атбасар тарихи-өлкетану музейініӊ қызметкері.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны